ӘЧ-2014. Англия премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың бәсі жоғары

ӘЧ-2014. Англия премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың бәсі жоғары

Әлем Чемпионаты алдында аз-кем статистикаға көз жүгіртіп өтсек. Бүгін басталғалы жатқан Әлем Чемпионатында 52 ел біріншілігінен 736 ойыншы бақ сынайды. Бұның ішінен Англия премьер-лигасындағы өнер көрсететін ойыншылардың бәсі жоғары.

Бразилияда бүгін шымылдығын ашатын әлемдік додаға, әлемнің 52 елінің чемпионатынан 736 аяқ доп шебері қатысады. Тек Алжир құрамасының ойыншысы Маджид Бугерра ғана ешқандай елдің чемпионатында ойнамайды, яғни ешқандай командаға тиесілі емес.

«Мундиальға» ең көп Англия премьер-лигасындағы командалар сапында өнер көрсететін ойыншылар барған екен. Англия чемпионатынан барған ойыншылар саны – 107. Екінші орынға 72 ойыншымен Италия чемпионаты жайғасқан. Үздік үштікті 67 ойыншымен Германия бундеслигасы қорытындылап тұр.

Әлем біріншілігіне ең көп аяқ доп шебері барған 10 чемпионаттың тізімі төмендегідей:

Англия чемпионаты – 107 ойыншы

Италия чемпионаты – 72

Германия чемпионаты – 67

Испания чемпионаты – 58

Франция чемпионаты – 41

Ресей чемпионаты – 34

Мексика чемпионаты – 24

Португалия чемпионаты – 22

Голландия чемпионаты – 20

Түркия чемпионаты – 19

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Н. Айдархан