ӘЧ-2014: стадионға алып кіруге тыйым салынған заттар

ӘЧ-2014: стадионға алып кіруге тыйым салынған заттар

ФИФА Бразилиядағы Әлем Чемпионатына дайындық шаралары барысында жанкүйерлерге стадионға алып кіруге тыйым салынатын заттардың тізімін шығарып отыр. Бұл туралы ұйымдастырушылардың ресми сайтында жазылған екен. 

Көрермендерге өздерімен бірге трибунаға от шашуларды, музыкалық аспаптарды, үлкен сөмкелерді, қолшатыр мен үй дәмтатымын (закуска) және кез келген сұйықтықты, сонымен бірге үрленген шарлар мен ауыр зат-құрылғыларды алып кіруге тыйым салынады. Тыйым салынған заттар қатарына сондай-ақ ынталандырушы препараттар, әртүрлі ұнтақтар, тепкішек, орындық, вувузел, үй хайнауанаттары, шектен тыс дыбыс шығаратын құрылғылар мен түтін шығаратын кез келген қондырғылар енген. 

Естеріңізге сала отырсақ, Әлем Чемпионатының шымылдығы бүгін кеште түріледі.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: stadiums.at.ua

Л. Лига