Бразилиялықтар жаттығуда тәртіп бұза алмайтын болды

Бразилиялықтар жаттығуда тәртіп бұза алмайтын болды

BrazilStats хабарлауынша, Бразилия құрамасының бас бапкері Луис Фелипе Сколари қол астындағы тәлімгерлерге жаттығу кезінде ойын ережесін бұзуға бағытталған іс-қадамдарға баруға тыйым салған.  

Алпыс бес жастағы маман ойыншылардың жарақат алып қалмаулары үшін, өз кезегінде, жаттығу кезінде бір-бірін тартып қалуға, жейдесінен ұстап қалу секілді іс-қимылдарды жасауға тыйым салған көрінеді. 

Бапкер ойыншылардың бірі жарақат алып қалып, күтпеген жерден айтулы додаға қатыса алмай қалар деп қорқады.

Бұған бір себеп, 2002 жылы Эмерсон жаттығу кезінде тізе жарақатын алып қалып, артынша жарыстан шет қалған болатын.

Естеріңізге сала отырсақ, Әлем Чемпионатының ашылу салтанаты Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: artikelbola.com

Л. Лига