ҰБТ: Тестілеудің төртінші күнінде ешкім 125 балл алған жоқ

ҰБТ: Тестілеудің төртінші күнінде ешкім 125 балл алған жоқ

Тестілеудің нәтижесі бойынша ең жоғары 125 балды жинаған бітірушілер саны өзгерген жоқ, олар бұрынғыша екеу: Алматы қаласы №178 лицейінің түлегі Абдижапар Айғаным Бахытқызы және Алматы қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МҚК-нің түлегі Марат Асия Жандосқызы.

Төртінші күні тестілеу 32 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Бүгінгі күнге дейін ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 күні өткізілді. 2 және 5 маусым аралығында тестілеуге 76948 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 53489, орыс тілінде – 23459 бітіруші.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін апелляциядан кейін 125 балға қол жеткізген Алматы қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия» МҚК-нің түлегі Марат Асия Жандосқызы Массагет тілшісіне орын алған түсініспеушілік туралы айтып берген болатын. Сұхбаттың видеонұсқасын мына жерден көре аласыздар.

сурет: ©massaget.kz

А. Құлтай