ҰБТ-да әрбір екінші түлек ұялы телефон қолданбақ болған

ҰБТ-да әрбір екінші түлек ұялы телефон қолданбақ болған

2014 жылғы ҰБТ-ның үшінші күнінде әрбір екінші түлек ұялы телефон алып кірмек болған деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

2014 жылдың 4 маусымында 24 104 оқушы ҰБТ-ға қатысқан. Тексеріс нәтижесінде, 11 046 ұялы телефон, 7533 шпаргалка, 438 калькулятор, 82 фотоаппарат, 8 рация, 8 блютуз, 19 флэшка, 17 wi-fi шығарып тасталынған. 

Тестілеу 69 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Ережені бұзғаны үшін 10 оқушы аудиториядан шығарылды. Үшінші күннің қорытындысы бойынша мүмкін болған 125 балды ешбір бітіруші жинай алмады.

Мекеменің хабарламасы бойынша, 100 баллдан жоғарыны 4018 (19,7 пайыз) түлек жинаған. 2013 жылы бұл көрсеткіш 3231 (12,6 пайыз) болған еді. ҰБТ-ның үшінші күнінің орташа баллы – 77,1 болып отыр. Өту балынан аса алмағандар саны – 5829 (24,2 пайыз).

Айта кетейік, Қазақстанда ҰБТ 2 маусымнан басталды. Биыл 92 077 түлек қатысуға өтініш білдірген. Осыған дейін ең жоғарғы 125 баллды екі бірдей оқушы, Марат Әсия және Әбдіжапар Айғаным жинады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: massaget.kz