Қай оқу орнына түсемін: дұрыс таңдау жасайық

Қай оқу орнына түсемін: дұрыс таңдау жасайық

Университетте білім алу – бәріне оңай шаруа емес. Ал егер өту баллы жеткіліксіз болып, кез келген қабылдаған университетке түсетін болсаң, мәселе одан сайын қиындай түспек. Не істеу керек? Біздің кеңесімізге құлақ түр.

Оқуға кіріспей жатып, болашағыңа балта шаппа!

Егер ҚазҰУ, ҚазҰТУ немесе басқа да беделді ЖОО-ға түсу бұйырмаса, бұл өмірдің соңы емес. Торығып, университеттегі алғашқы жылыңды құртуға жол берме. Негізінде алғашқы үш семестр университет өміріне сіңіп кетуге, ненің не екенін айырып, әрі қарай осында қалу-қалмауды ұғынуға мүмкіндік береді. Сондықтан бірінші семестрді аяқтай сала басқа универсиетке құжат тапсыруға асықпа.

Саған шынымен не қызық екенін сарала

Көптеген жоғарғы сынып оқушылары ЖОО таңдағанда сезімге бой алдырады. «Мен тек беделді оқу орнында оқу керекпін», – дейді олар. «Онда менің әпкем оқыған», – дейді басқалары. Ал университетте шетелдіктермен алмасатын білім бағдарламасы бар ма, оқушыларға қаржылық көмек жасалады ма, студенттік ұйымдар қарастырылған ба, ол жағына көп бас қатыра бермейді. Бәлкім, бұрынырақта бұл жайлы сен де ойланбаған шығарсың, бірақ мұндай мүмкіндіктер болашағыңа үлкен әсер етуі мүмкін.

Жағымсыз дүниелердің де өзіндік пайдасы болады

Біздің Қанат деген бір танысымыз, арманындағы ЖОО-ға түсе алмайтынын біліп, қатты қапаланды. Ал қаласындағы кішкентай университетке еш қиындықсыз түсіп кетті. Басында Қанат қайтадан сол таныс адамдармен оқып жүргеніне ашуланатын. Бірақ кейін университеттегі оқу оның сенімділігін арттырды. «Менің жетістіктерім басқалардың аясында ерекшеленетінін байқадым. Армандаған оқу орныма түссем өз күшіме мұнша сенімді болмас едім», - дейді Қанат.

Мүмкіндіктерге дайын бол

Көптеген түлекке ЖОО-да оқу идеясы қатты ұнайтыны соншалық, соңғы сыныптарда таңдаған бағыттарынан тайқып кетуге қорқады. Қалған 5 жылды партада өткізудің орнына «жаныңа жақын» тағы 1-2 қызығушылық табуға тырыс. Бәлкім, сен кино көруді жақсы көресің және достарыңмен цитаталарды жатқа айтудан жарысатын шығарсың? Олай болса кинематографиядан лекцияға жазыл. Философияға қызығасың ба? Философия факультетінің кіріспе сабақтарына қатысып көр.

ЖОО-да оқып жүріп кем дегенде екі іс-шараға қатыс. Жатақханадағы есігіңді ашық ұста – сонда көршілеріңмен тез танысып, араласып кетесің.

Әлі де арманыңдағы ЖОО – сені бақытты қылатын жалғыз орын екеніне сенімдісің бе? Онда үмітіңді үзбе. Бәлкім, қажетті емтихандарды тапсыру арқылы оқып жатқан университетіңнен ауыса аларсың. Немесе бір жыл дайындалып, тағы бағыңды сынап көр.

Сурет: alashainasy.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina