ҰБТ. Биыл тестілеудің форматы өзгерді ме?

ҰБТ. Биыл тестілеудің форматы өзгерді ме?

Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі 2014 жылы ҰБТ-ның форматы өзгермейтіндігін хабарлады. Жолдаған хатында «2014 жылдың 1-15 маусым аралығында республика көлемінде Ұлттық Бірыңғай тестілеу жүргізіледі. 154 пунктіде 100 000-нан астам түлек тест тапсырады», - деп жазады.

Министрліктің хабарлауынша, 10 жыл уақыт ішінде 1 миллион 335 мың түлек тест тапсырған екен. Бұл мектептегі 11 сынып оқушыларының 80%-ын құрайды. Мұнымен қатар, министрлік басты назарды түлектердің өз еркімен ҰБТ-ға өтініш тапсыруына, апелляцияның дұрыс жүзеге асуына бағыттайтындығын айтады.

2015 жылы тест тапсырамалары қайта қаралып, жазбаша тапсырма енгізіледі. Сыртқы емтихандар жаңа технологияның көмегімен компьютер арқылы жүзеге асады, ал ЖОО-да білім алғысы келетіндер ұлттық тестілеу үлгісіндегі қосымша профильді емтихан тапсыратын болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: namys.kz

Қ. Бүйенбай