Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / ҰБТ 2014 / ҰБТ-ны алып тастайтын болды

ҰБТ-ны алып тастайтын болды

ҰБТ-ны алып тастайтын болды

Ұлттық бірыңғай тестілеу 2015 жылға қарай алынып тасталады, оның орнына басқа екі емтихан енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді.

"Білім беру саласын дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2015 жылға қарай ҰБТ алынып тасталмақ. Оның орнына басқа екі емтихан енгізіледі. Бірінші тестілеу – мектепте алған білімді растауға арналған тестілеу болса, екіншісі - ЖОО-ға түсу үшін қажет", - дейді Әбенов.

Вице-министрдің айтуынша, мектеп түлектерінің білімін нақтырақ бағалау мақсатында ҰБТ жойылады. Бұған қоса, тек түлектің білімі ғана бағаланып қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қаншалықты қолдана алатыны тексеріледі. «Екінші емтихан эссе жазумен және түрлі тапсырмалармен байланысты болады. Кеңес жүйесі тәрізді», - дейді Әбенов. 

Естеріңізге сала кетсек,  ҰБТ-ны Қазақстанға алғаш рет 2004 жылы енгізген болатын. 2013 жылы ҰБТ-ға 95,5 мың оқушы қатысып, жеті оқушы максималды 125 балл жинаған еді.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mgorod.kz

37758 28
Рейтинг: +3

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 19 қыркүйек 2013, 15:48
Пікірлер
+0
19 қыркүйек 2013, 15:29

Теске емес тестке арналган каламсап шыгар :geek:

+0
19 қыркүйек 2013, 16:49

дұрыс жазылған, "теске" болады. есіңізде болса, ҰБТ-ға дайындалуға арналған кітапшалардың сыртында "Тестер жинағы" деп жазулы тұратын.

+0
19 қыркүйек 2013, 15:30

Дұрыс болды! Мына хабарға қатты қуанып отырмын. Бәрін айт та, бірін айт, ҰБТ психологияға кері әсер етеді ғой. :roll:

+0
19 қыркүйек 2013, 15:53

Өте дұрыс, мен өзім мұғаліммін, мектепке келмей, сабаққа қатыспай жүретін оқушылар алдыңғы жылғы ҰБТ дан жүзден асырып, грантқа түскенде ай ішімнің ашығаны ай. Бақ шаба ма бап шаба ма дейді ғой тағы. Шет елге еліктеуді қою керек қой

+0
19 қыркүйек 2013, 16:01

Алып тастағаны орынды болды! Енді жаттап емес, логикамен, түсінумен дайындалатын болды оқушыларымыз!

+0
19 қыркүйек 2013, 16:04

Өзімнен кейінгі інілеріммен сіңлңлерім үшін қатты қуаныштымын! :) Бірақ, мен 2014 түлегімін :(

+0
19 қыркүйек 2013, 16:13

Өте дұрыс!

+0
19 қыркүйек 2013, 16:19

Келесі жылдан кейін ол да дұұрыс емес дегендер шықса таңқалмаймын!

+0
19 қыркүйек 2013, 16:27

ҰБТ ның арқасында қанша адам пайда тапты жоғарыдағылардан :?:

+0
19 қыркүйек 2013, 16:50

«Бірінші тестілеу – мектепте алған білімді растауға арналған тестілеу болса, екіншісі - ЖОО-ға түсу үшін қажет»
Бәрiбiр ТЕСТ екен ғой, «тисе - терекке...» әдiсi сақталады деген сөз бе?

+0
19 қыркүйек 2013, 17:11

Әй, қайдам! ҰБТ-дан құтылып, жарқын болашақ қол созып, құшақ жайып қарсы алатынына күмәнім бар-ау. Егер емтиханды университеттің өзінде, сол жердің ұстаздарының алдында (біразын ұстаз деп атауға тілім күрметіледі) тапсырар болса, сол ұстаздардың тамыр-танысы, әке-көкесінің немесе қалтасы қалыңдардың балалары тұсетініне сенімдімін. Қазір дегеніңіз магистрдің дипломы "мода" ғой. Мысал ретінде, қазіргі магистратура емтихандарын алып қарайықшы ішің ашиды. Ставкалары да анау-мынау жаңа бітірген түлектің қалтасы көтермейді. Әрине, көпке топырақ шашуға болмайды, асқан білімдіге ешкім тұсау бола алмас. Елдің бәрінің ғалым болуы мүмкін емес қой. Бірақ "төрттікпен" оқығандардың "екі мен үштен" көз ашпайтындардан артта қалатынына қарап ішің ашиды. Тамыз айында университеттерде "қып-қызыл бизнес" басталады, гранттар аукционға түседі. Қызығы сол, сол түскендердің барлығы дерлік сізге ешқашан сатып алғанын мойындамайды. Тіпті бір жақын деген құрбымның мойындамай қойғаны бар. Білімсіз мамандар қайдан шығады, білімсіз немесе арын ақшаға сатқан ұстаздан шығады. Түлектердің жан айғайын қашан білім басында отырған аға-әпкелеріміз қашан естиді екен...

+0
19 қыркүйек 2013, 17:17

ҰБТ алынады дегенге етіміз үйреніп те кетті ғой

+0
19 қыркүйек 2013, 17:34

Сатып ал да оқи бер)

+0
19 қыркүйек 2013, 21:55

Мынау бір жақсы жаңалық болды!!!!!!! :) :) :) :) :) :) :)

+0
20 қыркүйек 2013, 01:13

:D мен 2015-тин тулегимин бирак булай тапсырган киин шыгар онын устине тук есеп билмим :(

+0
20 қыркүйек 2013, 01:15

Қайтеміз енді, қуанайық :) Сатып алу, сату дегендер азаяр

+0
20 қыркүйек 2013, 08:03

керісінше, сатып алудың көкесі басталады, екі емтиханнан да ақшасы барлар ғана өтетін болады, көресіндер осыдан, мектептің мұғалімдері де, унив., ректорлары да ақшаға көміледі. ҰБТ деген нағыз рақат қой, просто оқушылар өз білмегендерін ҰБТ-ға жаба салып жүр, әйтпесе білгеніңді ешкім жеп қоймайды, комп.мен бірден шығарып береді, түсінбеймін осы халықты! :twisted:

+0
20 қыркүйек 2013, 19:04

Келісемін((( өкінішке қарай әрине

+0
27 қыркүйек 2013, 20:46

Керісінше көбеймек... қалта кеңейеді... :shock: :shock: :shock: :( :twisted:

+0
20 қыркүйек 2013, 03:22

бәрібір бұл да ұнап тұрған жоқ маған :roll:

+0
20 қыркүйек 2013, 22:51

Ұбт қазір таза өтіп жатыр, бұрынғыдай ақшамен шешілу қалды барлық сыбайластық жағына тосқауыл қойылды. Енді басқаша өтетін болса қайтадан жемқорлық басталуы мүмкін. Кеңестік жүйе нағыз жемқорлық кез еді оқуға түсуге келгенде. Ол уақытта емтихан алушыға сиыр-жылқы беріп түсіп кете беретін. Ал қазір ақшамен емес біліммен алуға оқушылар үйреніп қалды. Ұбт арқылы балдардың әлдеде білімін жетілдіретін жағын бір мұғалім айтқан еді маған. Оқушылар сұраққа белгі қойған кезде тек таза өзінің біліп тұрғанын ғана белгілеп білмейтін сұрақтарын тисе терекке тимесе бұтаққа деп белгілемес үшін әр дұрыс емес жауабымен бір балын кеміту керек сонда ғана бала көзі жетіп тұрған сұрағына ғана жауап жазады дейді. Ал білмейтін сұрағына жоламай кетеді.

+0
20 қыркүйек 2013, 23:24

2015 те ҰБТ бола ма??? :?: Мен сол жылы бітірем құдай қаласа....2015 тен былай қарай дегенге түсінбей отқаным.... :roll:

+0
20 қыркүйек 2013, 23:53

ҰБТ-ны соңғы рет бiз тапсырады екенбiз. Соңы болған соң оңай өтетiн шығар, алде керiсiншеме?! :)

+0
21 қыркүйек 2013, 19:13

Мен де 2015-тің түлегімін. Мұғалімдердің айтуынша бұл ҰБТ-дан қарағанда қиын дейді. Қандай пәндерден тапсыратынымызда белгісіз :(

+0
22 қыркүйек 2013, 20:28

2015-тің түлектері!!"ҰБТ деп негізі бас қатырудын қажеті жоқ дейді мұғалімдер және бұрын ұбт-ны тапсырғандар.....Яғни ұбт босын емтихан болсын тек қалған 2 жылымызда тест пробныйларды талдап,мектептің екінші ауысымында мұғалімдерге жағдай айтып яғни дайындыққа келейікші деп өтініш жасап,4 пән және таңдау пәніне дайындалу керек.Бірақ дайындаламын деп басқа сабақтарға көңіл бөлмей кетуге де болмайды Жалпы барлық жағыннан да жан жақты болған дұрыс қооо... ;) :)

+0
11 наурыз 2014, 17:22

Жаңагүлге қосыламм) сендерден соң біз де көрерміз не боларын

+0
23 наурыз 2014, 17:14

демек біз ҰБТ ның соңғы құрбандары боламыз десеш... әй 96 лар... :shock:

+0
27 наурыз 2014, 22:22

2 емтихан ҰБТ-дан қиын шығар онда

+0
03 қараша 2014, 20:25

Шынында да қазіргі уақытта ҰБТ әділетті өтеді. Жас талапкер, сен өзіңді тек білім және психология тұрғысынан дайында!!
Қалғаны бағыңнан болар. Алайда АЛДЫМЕН бәрі де өзіңе байланысты..
P.S. I am TALAPKER of this year too ...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...