Кездесу кешімізде қонақтарымызды не күтеді?

 Кездесу кешімізде қонақтарымызды не күтеді?

Сайтымыздың құрметті оқырмандары! Массагет сайтының 3 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған көңілді кешімізге баршаңызды шақырған болатынбыз. Әрине, кешімізді қызықты өткізу – тек сіздер мен біздердің қолымызда. Соған орай, кездесуімізді естен кетпестей қылып өткізу үшін Массагет порталының ұжымы ақылдаса келе мынадай бағдарлама дайындадық: 

17:30 - 18:00  Al PACINO ойын-сауық үйінде жиналамыз.

18:00 - 18:20  Тосыннан қойылған сұрақтар мен қызықты ойындар арқылы танысу.

18:20 - 19:00  Кешкі ас. «Нан болса, ән де болады» демекші, аспаз қыздарымыз дайындаған тіл үйірер Массагет мәзірінен дәм тату.

19:00 - 20:00 «Ас – адамның арқауы», қызықты ойындар – оның тарқауы. Бұл уақыт аралығында қызықты ойындар ойнатылады.

20:00 - 21:00  Еркін уақыт.  Үстел теннисін ойнауға, бір-бірімізбен жете танысуға, жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік .

21:00 - 22:00 Бәріміз бірге әр жанрдағы қысқаметражды кинолар көріп және соларға талдау жүргіземіз.  

22:00 - 22:30  Кешкі шәй үстіндегі әңгіме.

22:30 - 23:30  Күрделі логикалық сұрақтар мен ең ұтқыр жауаптарды кешіміздің осы бөлігінен көре аласыздар.

23:30 - 00:00  Бас қосуымызды көңілді би кешімен аяқтаймыз.

Кеш бағдарламасына алып-қосарыңыз болса, «мынадай бөлім немесе мынадай ойын қоссақ, кешіміз одан ары қыза түсетін еді» десеңіздер, мәрхабат. Біз тек қуанамыз. Ол ойларыңызды астына жазып, қалдырсаңыздар болады. Біз оны жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз.

Естерңізге сала кетейік, бүгінгі кездесу кешіміз Алматы қаласында, Сәтпаев пен Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан Al PACINO ойын-сауық үйінде өтеді. Сағат: 17:30-да.

Массагет порталы сүйікті оқырмандарын асыға күтеді. Кездескенше достар!

Сурет: massaget.kz

Е. Жұмабайұлы