3 санының қасиеті

3 санының қасиеті
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.html
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.htmlҚазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Қазақ ұғымында осы күні басталған істің бәрі де сәтті болады деп сенген. Аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбінің сәтті күні деп сапарға шығатын болған. Біз де бүгін сәрсенбінің сәтті күні сүйікті сайтымыздың 3 жылдығына орай 3 санының мән–мағынасына тоқталғымыз келіп отырҚазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санның мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген.

16 желтоқсан Massaget.kz 3 жасқа толады. Жалпы түркі халықтарында, соның ішінде қазақ халқында үш саны қасиетті болып есептеледі. Мысалы:

Үш би: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин

Үш артық: адалдық, еңбексүйгіштік, өнерпаздық

Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата – бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Үш ақиқат: қымбат – шындық , арзан – өтірік, дауасыз – кәрілік (Жанқұтты шешен)

Үш қуаныш: алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі

Үш биік: билік, дәулет, даналық

Үш асыл: көз, тіл, көңіл

Үш ынтық: еркін өмір, құрметке бөлену, пайдалы еңбек ету

Үш тұл: қайратсыз ашу тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым тұл (Абай)

Үш апат: ғалымды сыйламау, үкіметті сыйламау, асты ысырап ету

Үш кедейлік: кежірлік, еріншектік, ұйқы (Төле би)

Үш бақытсыздық: жаман ат, жаман қатын, жаман көрші

Үш көз: су анасы – бұлақ, жол анасы – аяқ, сөз анасы – құлақ

Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат

Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

Үш арсыз: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз

Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал

Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет (Жиренше шешен)

Үш қадірсіз: жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел)

Үш тәтті: жан тәтті, мал тәтті, немере тәтті

Үш тоқтам: ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық

Үш жұрт: ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт

Үш байлық: бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық, үшінші байлық – он саулық

Үш алыс: жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман

Үш ортақ: ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ

Үш қат: жоғарғы қат (аспан), орта қат (жер үсті), төменгі қат (жер асты)

Үш кемдік: надандық, еріншектік, зұлымдық

Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет

Үш тағылым: мейірімнен – сауап, жақсылықтан – шарапат, жамандықтан – кесапат

Үш күйеу: алғашқы күйеуі – түскен елі, екінші күйеуі – ар – намысы, соңғы күйеуі – қосылған жары

Міне, осылай дана халқымыз 3 санына ерекше мән берген. Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларда үш саны біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау – Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.

Сурет: ©massaget.kz

Ж. Исакаев