Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Бізге 1 жыл! / Бекжан Тұрыс: "Жақсы адам – текшіл, жаман адам – кекшіл"

Бекжан Тұрыс: "Жақсы адам – текшіл, жаман адам – кекшіл"

Бекжан Тұрыс:

- Барлық журналист ең бірінші жаңалық сұрайды ғой. Жаңалығыңызбен бөлісе отырсаңыз...

- Жаңалықты театрдан бастасам, театрымызда «Шәкәрім» атты қойылым дайындап жатқан жайымыз бар. Режисері де, сценарийі де Әубәкір Рахимовтікі. Оны қараша айының 30-ына белгілеп отырмыз. Шәкәрімнің соңғы жылдарындағы, дүниеден өтер алдындағы кезеңі бейнеленген. Сол кездегі Қарасартовтармен өзара тартысы көрсетілген. Шәкәрімнің сөзі бар: «Мен өлсем ұрпағым, артымда қаларсың, Тілеген мақсұтты елден табарсың, Есіңе алып келгенде қабіріме, Шаттықпен шалқытып әніме саларсың» деген. Ол сосын қазақтың зиялыларының барлығы да Қытайдағы Шәуешекте дейді. Оларға «Сендер әлі қайтып ораласыңдар, бүгінгі жеңімпаздар жеңіліп, жер болар. Ал сендер қайтып ораласыңдар» дейді. Дәл бүгін сол баяғы белсенділер жеңіліп, жеңілгендер оралып жатыр ғой. Рас. «Абай» спектаклінде Керім образы жағымсыз болғаны зол заманғы идеологиядан еді, ал бүгін шындық шыңына қонып жатыр. Осы үшін қуанамын. Сол үшін де таңның атысы мен кештің батысында осында дайындық жүргізудеміз. Бар жаңалығым осы...

- Сіз алдыңғы сұхбаттарыңызда тойға шығамын дедіңіз. Қаржы мәселесі ме, әлде басқандай себептер бар ма?

- Жағдайымыз, шүкір, жақсы. Дегенмен өнер адамдарына берілетін жалақының аз екені рас. Сұхбатымда айтылған сөз де рас. Бірақ біз кешке дейін жан бағудың қамымен жүрген адам емеспіз. Театрдың кезекті демалыс кезінде, уақыт болғанда ғана асаба болатыным бар. Бүгінде жалпы тойды асабалар кәсіпке айналдырып алды ғой. Асабалық – өзінше бір өнер. Арзан сөздермен той өткізушілер көп қой, ал той үлкен мектепті қажет ететін дүние. Өйткені Мұзафар Әлімбаев ағамыз баяғыда «Той – тәрбие мектебі» деп айтып кеткен. Тәрбие бастауының бәрі де осы тойдан басталатынын біз түсінейік. Бізді тойға шақырса сөздің төркінін білетін, сөйлей білетін, ой арқалата алатын асаба деп шақырып жатады. Бос кезімде бас тартқан емеспін. Бірақ асабалық кәсіп емес.

- Сіз көп ішіндегі Бекжансыз ба, әлде өзіңіз жеке Бекжансыз ба? Топта өмір сүруге бейім адам болады, өз эгосынан айнымайтын адам болады. Сіз қайсысыз?

- Қазақ «Көппен көтерген жүк жеңіл» дейді. Театр ұжымдық жұмыс. Өсуіңе де, өшуіңе көбінде ұжымның әсері бар. Мәселен, мен рөлді жалғыз алып шыға алмаймын. Үйлесім бар болған жағдайда ғана адамды оқиғаға нандыра аласыз. Мен сол ұжымнан бөлініп, дараланып көрінетін ойым жоқ.

- Сахна белгілі бір деңгейде көрерменнен биік тұрады. Бұл тек қана соңғы қатардағыларға көрінбей қалмасын деген ой емес шығар?

- Талантты Құдай көзі түскен адамға ғана береді дейді ғой. Сахнаға тек пешенесіне бақыт бұйырған адам ғана тұрақтайды. Өнерді жеңіл көретіндер көп. Сахнаның тозаңын жұтып, шаңына аунаған сарабдал адам ғана сахна құдіретін сезінеді. Жалаң айғайшылдар үйлесе алмайды. Парасат пен зерде, пайым, табиғи талант керек. Қарашаңырақтың қазығын қаққан ағаларымыздың рухы әлі семген жоқ. Сондықтан да сахна киелі жер.

- Театр көрермені аз деп жастарды жата кеп сынайтындар көп. Сіздіңше қалай?

- Көрермен аз емес, көп. Әр театрдың, әр өнердің өз аудиториясы бар, болған, болады да. Бірақ сол көрерменнің мәдениет деңгейі турасында әңгіме айтсақ болады. Батыста мәдениетті театрмен өлшейді. Біз ондай деңгейге жеттік пе, жоқ па, білмедім. Спектакль үстінде телефонмен сөйлесіп отыратындар көп қой. Осыны айтсақ, құба-құп.

- Әңгімеңізге рақмет!

Қызықты оқиғасы:

Мен "көріпкелмін!"

- Республикамызға еңбек сіңірген әртіс Төлеубек деген ағамыз бар. Бірде көлікпен кептелісте тұрғанмын. Сөйтсем, Төлеубек ағамыз қолында көк пакеті бар, базардан шығып келеді екен. Дереу телефон соқтым.

- Аға, баяғы Бұқардың сөздері есіңізде ме, керек болып жатыр еді мұнда?

Ол кісі ұмытып қалғандығын айтып жатыр еді «Базарда неғып жүрсіз?» дей салдым. Ағамыз бірден жан-жағына қарап: «Қайда тұрсың, ә?» дейді.

- Аға, үйде отырмын. Сенбесеңіз міне, теледидар қосайын, - дедім де, көліктің радио даусын ұлғайттым. Сонда да сенбей қойған соң, арт жақта отырған әйеліме телефонды бердім. Сонда ғана сене бастады.

- Астахфиралла! Сен қайдан біліп отырсың, ә?

- Жоқ, аға, ешкімге айтпаңыз, менің сондай қасиетім бар.

- Ал қолымда не бар, айтшы ал?

- Қолыңызда көк пакет бар...

- Астахфиралла! Ал көлігім қайда?

Көлігінің қайда екенін мен қайдан білейін.

- Төле бидің бойындағы «Аруана» дүкенінің алдына қойып кетіпсіз ғой, - деп едім, «Жындының сандырағы келеді» демекші, ол да рас боп шыға келіпті ғой. Соңынан осы оқиға күлкіге ұласып, айтып жүретін әзілімізге айналған еді...

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

5522 10
Рейтинг: +11

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 10:12
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 09:45

Рахмет аға!!!

+0
13 желтоқсан 2012, 09:53

Тамаша сұхбат! Аға әзілді қатырады екен :lol:

+0
13 желтоқсан 2012, 11:31

Тектілік туралы дұрыс айтып отыр...

+0
13 желтоқсан 2012, 11:38

Ең сүйікті әрі құрмет тұтатын актерларымның бірі. Бекжан аға қатысатын кез-келген қойылым көрерменге жол табады. Әсіресе "Тендерге түскен келіншек", "Сыған серенадасындағы" рөлдері үшін басымды иіп қайтқанмын. Әуезовтегі соңғы премьера "Шәкәрімде" ағаның арқасында жетістікке жетті деп ойлаймын..

+0
13 желтоқсан 2012, 12:06

приколист аға)

+0
13 желтоқсан 2012, 12:21

Бекжан Тұрыс театрдың нағыз актері. Оның әр сомдаған рөлі ҮЛКЕН образға қалай ғана айналып шыға келгенін көріп, таңданысымды жеткізе алмаймын. Ал соңғы "Шәкәріміне" бара алмай жүрмін, әттең... Мәселенің барлығы да баратын қыздың жоқтығы шығар деп құтыла салайын... :D

+0
13 желтоқсан 2012, 13:41

Көріпкелдігі рас қызық екен. тамаша.

+0
13 желтоқсан 2012, 13:42

"Әлгі амалым қанша" дейтін байқұс бала осы ма деп отырушы еді әжем.

+0
13 желтоқсан 2012, 13:44

Сұхбат керемет шығыпты. "Анауың қанша, анауың қанша!"..

+0
13 желтоқсан 2012, 17:00

Осы азiлiн "Таншолпан" багдарламасына келгенде естiп едiм. Шутник:lol: Койылымдарына баргым келiп жур.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...