Қазақстан дипломаттары Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге жолықты

Қазақстан дипломаттары Мәскеудегі Ә.Молдағұлова және Б.Момышұлы атындағы мектептерге жолықты. ​Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің қарсаңында Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері Кеңес Одағының Қаһармандары Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы атындағы Мәскеудің №402 және № 1912 (Зеленоград) мектептеріне жолықты.

​Қазақстан дипломаттары мектеп оқушылары ұйымдастырған Ұлы Қаһармандарды еске алу салтанатты шараларға қатысып, батырлардың ескерткіштеріне гүлдер қойды.

​Іс-шараларға соғыс және еңбек ардагерлері, Мәскеудегі қандастарымыз және студенттер қатысты. ​Мектеп оқушылары мерекелі концерт ұйымдастырып, соңында қонақтарды мектеп жанында құрылған Әлия Молдағұловаға және Бауыржан Момышұлына арналған мұражайлармен таныстырды.