Ардагерлер сөйлейді: Әкіжанов Байзулла #2

Ардагерлер сөйлейді: Әкіжанов Байзулла #2
Фото: warsite.ru

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Әкіжанов Байзулла Әкіжанұлы

Басы

Сабақ басталды. Мен келген топтың жігіттері 6-эскадрильяге (әскери әуе күштерінің бөлімшесі), ал мен 3-эскадрильяге түсіппін. Шыны керек, теориялық білім маған қиынға соқты. Мысалы, турбуленттілік дегеннің не екенін түсінбейтінмін. Жаз... Құбыр... Түсініксіз. Маған Нестеровтен басқа ешкім көмектеспеді. Жаныма келіп отырып: «Бастысы ұшу және мотордың құрылысы туралы не айта алатының» дейтін. Мен оқуымды жалғастыра бердім. Үнемі «4» не «5» алатынмын, «3»-ке оқуға болмайды, әйтпесе ұшуға рұқсат бермейді. Нәтижесінде барлық теориялық сынақты төртке тапсырып шықтым.

Теориялық білімнен кейін жазғы дайындық басталды. Ұшуды бастадым және Р-5 ұшағына арналған курсты училещеден ең бірінші болып бітірдім. Маған нұсқау беріп отыратын Шиндейкин Владимир Николаевич болатын. Ол кісімен ол дүниеден өткенге дейін хат жазысып тұратынбыз.

Р-5 ұшағына арналған курсты тамамдаған соң, мені Ил-2 ұшағына арналған тәжірибе тобына жіберді. Топта алты адам болатынбыз. Ал Ил-2 ол кезде алғаш рет шығып жатыр еді. Сол себепті нұсқаушы да болмады. Біз алдымен УТ-2 ұшағын жетік меңгеріп алдық, кейін емін-еркін ұшатын болдық. 1942 жылы нұсқаушы мені алаңға шығарғысы келді, бірақ сол уақытта тобымыздың курсанты Вася Альпиренко аспанда шыр айналып келіп, төмен қарай шүйлігіп түсе бергенде қаза тапты. Сол қайғылы оқиғадан кейін бізді қосалқы батальон курсантына жіберді. Бұл жерде тағы да Ил-2 ұшағымен дайындалдық. Кейін біздің топты Благословенкадағы аэродромға, ал мені 4-аэродромға жіберді. Бұл жерде Андреев деген нұсқаушы болатын. Осы уақытта Стлиннің «Нұсқаушылар майдан алаңында тәжірибеден өту керек» деген жарлығы шықты, менің нұсқаушым майданға шығып қаза тапты. Біз нұсқаушысыз қалдық.

Нәтижесінде мені 2-аэродромға жіберді. Бұл жерде біздің топты Кузнецов басқаратын. Ол бізбен училещеде қатар оқыған. Біздің топ Воронов, Сыч, Семенов деген жігіттерден құралған. Оқып болған соң, бізді ұшуға шығаратын болды. Бірінші болып Сеченов ұшақ тізгініне отырды, дегенмен, қонайын деп жатқан жерінен ұшақтың шассиін сындырған соң, бізді қайта оқытатын болды. Арамызда Миша Потаев деген үйленбеген, сабырлы жігіт болатын. Ол ұшатын кезде оны қарап тұруын сұраған. Ұшып кетті. Бәрі ойдағыдай секілді. Төртінші айналымын жасап келіп, гүрс ете түсті. Шасси тайып кеткен. Кузнецов маған қарап, алаңға шығармайтын болды. Мен Р-5-ке де отырып көрдім, бәрін білетін едім, бірақ мені шығармай қойды. Бірақ осылай болу керек шығар деп ойладым.

1944 жылы мені алаңға шығарды. Аэродромға біздің комэск Агафонов келіп мені алып кетті де: «Мен саған ұшуға рұқсат беремін» деді, сол бойда ұшаққа жүгірп барып, міндім, бәрі ойдағыдай. Жанымда нұсқаушы жоқ, оған қарамастан ұшып кеттім. Жерге қонып, ұшақты тұраққа дейін апарып, нұсқаушыға келдім: «Жолдас кіші лейтенант, курсант Әкіжанов екі айналым жасады, ... рұқсат етіңіз» дей беріп едім, «Маған айтқаныңды комэскке барып баянда» деді. Комэскке барып, баяндадым. «Жарайсың, енді ұш!» деді. Содан бастап ұшатын болдым.

Жалғасы бар...

Г. Берік