Жауынгерлер: Қуанышев Жұмансейіт, Нұрғалиев Мұхамед

Жауынгерлер: Қуанышев Жұмансейіт, Нұрғалиев Мұхамед
Фото: issuu.com

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Қуанышев Жұмансейіт (1909-1957) Ақмола облысынан майданға алынған. Соғыстың басынан аяқ ортасында болды. Алдыңғы шепке снаряд жетікізіп беретін жүргізуші болып қызмет етті, шені – қатардағы жауынгер. Польшаны, Германияны азат етуге қатысты. Соғыс аяқталған соң үш жыл Германияның Дрезден қаласында кеңестік әскер қатарында борышын өтеді.

Туған бауырлары – Жұмабек, Жансейіт, Құрмансейіт Қуанышевтар да соғысқа қатысқан.

Нұрғалиев Мұхамед Ақтөбе облысы, Мәртөк селосында туған. Соғыс басталғанда Алматыда 316-шы атқыштар дивизиясында болған. Соғыс кезінде 15-ші атқыштар дивизиясында, Погребов генерал болған 7-ші кавалеристік корпуста комиссар болды. Брянский майданында «На разгром врага» газетінде редактор болды. «Ату» курсын аяқтаған соң, 190-полк, 50-Орлов дивизиясын және 139-полк, 41-дивизияны басқарды. 1944 жылы «Ату» курсына дивизия командирінің орынбасары дайындығына барды. Соғыс аяқталған соң Қазақстанға оралып, Қытайға Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданына әскери кеңесші болды.

@. @assel_assanova