ҰОС жауынгерлері жайында: Қабылқадыров Қабжан, Каменов Тұрысбек

ҰОС жауынгерлері жайында: Қабылқадыров Қабжан, Каменов Тұрысбек
Фото: egemen.kz

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Мен, Сейтімова Айгүл Қабжановна, өз әкем туралы айтқым келеді.

Қабылқадыров Қабжан 1923 жылы 16 маусымда Ақмола облысы, Мортық селосында дүниеге келді. 1942 жылы әскерге шақырылды. 1943 жылы соғысқа аттанады. Оқуды аяқтаған соң алдыңғы шепке ауыстырылады. Орел қаласы Курск доғасындағы шайқасқа қатысады. Днепрден өтіп, Украинаны азат етуге атсалысады. 1944 жылы жараланып, госпитальде жатады. Венгрия, Чехословакия, Австрияны азат етуге қатысады. Артиллериялық полкте барлаушы болды. Жоғарғы бас қолбасшы И.Сталиннің алғысына ие болады.

Қызыл Жұлдыз, үшінші дәрежелі ордендерімен, «Ерлік қызметтері үшін», «Брянщинді фашистік басқыншылардан қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Соғыстан соң өз Отаны Целиноград ауданы, Мортық ауылына оралады. Ұзақ жылдар бойы Семеновка селосында механизатор болып қызмет етті. 11 баладан бірнеше немере-шөбере сүйді. Бар ғұмырын Отанына адал қызмет етуге арнады. 2001 жылы 78 жасына қараған шағында қайтыс болды.

 

Каменов Тұрысбек (1912-1978) Қостанай облысы, Ақсуат ауылында туған. 1943 жылы Бүкілодақтық коммунистік большевиктер партиясы қатарына мүше болады. Дәрежесі – капитан. Алматыдан Фрунзеге шақырылып, 1942 жылы 27 тамызда Бірінші Белорус майданына аттанады.

2-ші барлаушы дивизион, 480-ші гаубица артиллерия полкінің бастығы, батарея командирі болады.

1944 жылы қарашаның 10-ы күні 39-шы армия артиллериясы бұйрығы бойынша «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады.

1944 жылы 12 желтоқсанда ҰОС екінші дәрежелі ордені беріледі.

1945 жылы наурыз айының 3-і күні Қызыл Жұлдыз орденін алады. 11-і күні ҰОС бірінші дәрежелі орденіне ие болады. 1946 жылы майданнан қайтқан соң өмірінің соңына дейін Қазақ Тұтынушылар одағы жүйесінде қызмет етті.

@. @assel_assanova