Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 мамыр 2015 / Майдангер композитор

Майдангер композитор

Майдангер композитор

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Елебаев Рамазан (кей деректерде Элебаев) – 1910 жылы Көкшетау облысы Құдық-ағаш селосында туған. 1943 жылы 4 қарашада Мәскеудегі Новосокольник селосында қаза тапқан. Белгілі халық соты болған Рамазанның әкесі 1931 жылы ашаршылықта дүние салған. Тігін тігумен айналысып, бүкіл ауылды асыраған анасы Зейнеп 1966 жылы өмірден өтті. Қазір Рамазанның Алматыда тұратын Қанипа атты (1926 жылы туған) әпкесі қалды. Кезінде ол Алматыдағы консерваторияны бітірген. Басқа аға-қарындастары соғыстан кейін қаза болды. Рамазан Елебаев Орынбор, Алматы, Мәскеу консерваториясында білім алған. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ мәдениетінің онкүндігіне қатысты. Панфилов дивизиясының құрамында майданға аттанды. Рамазан өте талантты, жан-жақты еді. Өзінің жақын досы Төлеген Тоқтаровқа «Жас қазақ» деген ән арнаған. Бір шатырда бірге тыныстап, бір нанды бөліп жеген досының өліміне қатты күйінді. Бұл әнді Жүсіпбек Елебеков сүйектен өткізе орындаушы еді. Рамазан соғысқа арнап «28 панфиловшылар», «23-ші полк маршы» сынды әндер жазды. Ол әндер жауынгерлердің рухын көтеретін. Сонымен бірге «Ананың тәубесі» әнін де жазды, сөзі Иса Байзақовтікі.

Біржан салдың ұрпағы Рамазан бірнеше саз аспаптарында ойнай білді. Оның «Төлеген Тоқтаров» әні Жұбанов операсында орындалды. Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған «Жолдастар» әнін Бауыржан Момышұлы сүйіп тыңдаған. Мәлік Ғабдуллин Рамазанға «Менің майдандас достарым» туындысын арнады. Сәуірбек Бақбергенов «Алтын күрек» повесін, А.Лившиц «Отан үшін от кешкендер», Тамти Ибрагимова «Жас қазақ» туындысын арнады. Тамти Рамазанның шығармашылығын: «Ол бос уақытында нотаға ұзақ қарап отырып, өз әндерін шығаратын. Дайын болған әуен бірден жауынгерлер арасына тарап, блиндаждан естіліп жататын, Отан қорғаушы солдаттарға дем беретін»,- деп баяндайды.

Панфилов дивизиясының офицері Алексей Иванович Кузнецов Рамазан туралы: «Тыныш күндері және түн мезгілінде Елебаев блиндаждың бұрышына өзі жасаған орындыққа отырып алып, қолына қарындашын ұстап терең ой үстінде отыратын. Біз бір күні «28 панфиловшылар» туралы ғажап ән естідік», - деген естелік айтады. Кейін бұл өлеңді Жамбылдың өлеңін тәржімалаған «За Родину» газетінің редакторы, белгілі Павел Кузнецов орысшаға аударды. Ол алғаш майдан жерінде орындалды. Автор қолына баянын алып, бәрінің сүйікті әуеніне айналған музыканы орындады. Әнді Бауыржан Момышұлы, Балтабек Жетпісбаев, Ахметжан Мұхамедияров өте жақсы қабылдады.

Ұлы композитор Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» классикалық операсы Рамазанның өлмес еңбегінің қорытындысы, қазақ халқының театр өнерінің алтын қорынан ойып тұрып орын алады. Серке Қожамқұлов Рамазан жайында: «Үйде де, отбасында да, театр дайындығында да Рамазан өзінің сыпайылығымен, қарапайымдылығымен, өмірге құштарлығымен, терең сезімімімен ерекшеленеді. Біздің кеңесімізді ә дегеннен түсініп, соны еңбегіне кірістіруге тырысатын. Ол жылы шырайымен, бауырмалдығымен бәрін бірден баурап алатын. Біздің сүйікті Рамазанымыз ұлы музыкасымен де айрықшаланатын. Кез келген қиын да жаңа істер оның епті де өнерлі қолынан еркін өтіп жататын. Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» дегеніндей, әр іске де шебер еді. Рамазан да басқа қазақ жауынгерлері секілді ортақ Отанымыздың бейбітшілігі мен тыныштығы үшін өз өмірін қиды». Рамазан «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталды.

Ұқсас жазбалар:

Майдангерлерге мың тағзым

Панфиловтың жарына жазған хаты

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 22 мамыр 2015, 12:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.