9 мамыр. Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыстырылатын Т-34 танкісі жөндеуден өтті

9 мамыр. Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатыстырылатын Т-34 танкісі жөндеуден өтті

Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парадқа Т-34 танкісі қатыстырылады. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары, полковник Жұмабек Хасенов мәлім етті, – деп жазады inform.kz.

«Қазір Астана маңындағы 36-шы десанттық-шабуыл бригадасының әскери парадқа дайындап жатқан лагеріндеміз. Бұл шеруге қатысушы жауынгерлер үшін 150 шатыр құрылды. Жалпы шеруге қатысушы офицерлер мен сарбаздардың саны 4 797 адам. 26 наурызға дейін осы жерде барлық сарбаздар толық жасақталады. 1 сәуірден бастап үлкен жаттығу шаралары басталады», - деді ол.

Бұл шараға 220-дан астам әскери техника мен 85 ұшақ мен тікұшақ қатыстырылады.

«Бұл шерудің ерекшелігі – қазіргі заманғы әскери ауыр техникамен қатар, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техникалар тартылады», - деді Ж. Хасенов.

сурет: warthunder.ru

Е. Қайрахан