Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2012 / 9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Бұл жақтың таңдары тыныш...

9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Бұл жақтың таңдары тыныш...

9 мамыр. Мерекелік фильмдер. Бұл жақтың таңдары тыныш...

Бұл жақтың таңдары тыныш... Иә, сол мүлгіген тыныштықты сұм соғыс келіп, бұзды. Таңдардың тыныштығын бұзып қана қоймай, бозбалалар мен бойжеткендердің жастық шағын ұрлады, нар тұлғалы ерлер мен нәзік жанды әйелдердің гүл-өмірін қиды. Майдан - ерлердің алаңы дегенімен, Отаны үшін отқа түсуге дайын қыздар да қарап отырған жоқ. Еріктілердің қатарына ілесіп, иықтарына қару іліп, қыздар да соғысқа аттанған.

Борис Васильевтің романы бойынша 1973 жылы түсірілген Cтанислав Ростоцкийдің "А зори здесь тихие..." фильмі Ұлы Отан соғысы кезінде Отанын қорғауға аттанған зенитші қыздар жайлы сыр шертеді.  

Женя Комелькова, Рита Осянина, Лиза Бричкина, Галина Четвертак пен Соня Гурвич – өздері сияқты өрімдей зенитші боламын деген қыздармен Карелия аумағындағы зенитшілер әскери бөлімшесіне, старшина Федот Басковтың қарамағына түседі. 

Аталған жауынгер қыздар жергілікті ұрыста старшинамен ілесіп, екі неміс дезертирін қолға түсіреміз деп, аяқ-асты он алты дезертирге тап болады. Васковтың бөлімшесі немістермен күші тең емес ұрысқа түседі.

Қосымша күш шақыру үшін аттанған әдемі де, биязы, арманшыл Лиза Бричкина батпаққа батып өледі.

Мектепте де, институтта да беске оқыған, зиялы еврей отбасында дүниеге келген, Александр Блоктың өлеңдерін жатқа оқитын Соня Гурвич алғашқы болып немістердің қолынан қаза табады.

Галя Четвертак – 17 жасына жас қосып, соғысқа сұранып келгенімен, жаумен бетпе-бет келгенде батылсыз екенін аңғарады. Ал жау қарап тұрмайды ғой, бойын билеген үрейді жаудың оғы алады.

Кез келген сұлулық сайысын жеңіп алардай көркемдігі бар Женя Комелькова күтпеген жерден өте батыл қыз болып шығады. Сұм соғыспен оның жеке есебі бар. Соғыс оны жақындарынан айырды. Келбетті де батыр қыз жаудан өшін алып үлгерді. Бірақ оны да тірі қалдырмады.

Рита Осянина – соғыстың басында күйеуінен айырылған жесір әйел. Кішкентай ұлдың анасы. Батырдың әйелі болған соң, соған сәйкес салмақты да, ақылды, ержүрек те, мықты. Үздік зенитші қыздың қолынан біраз дезертир қаза болады. Гранатадан жараланған оны Васков қанша сүйрелегенімен, оған масыл болмайын деп өз-өзін атады. Тым құрығанда ол тірі қалады деген үміт те үзілді.

Және бес өрімдей қызды барынша қорғамақ болған мейірімді старшина - Федот Васков. Қарындасындай, нәзік жанды аруларды аялап қорғаштағанымен, майдан өз дегенін жасады. Қалған жұмысты өзі ерлікпен атқарып, жау көзін жойды.


Әрбір қыз сияқты бұл қыздар да махаббатты, адалдықты, бақытты отбасын, ана болуды армандады. Келбетті де, ақылды, байсалды да, салмақты, арманшыл, ғашық қыздар, өмірлерін құрбан етіп, жауға қарсы тұрды, Отанын қорғады. Барлық армандары мен үміттері, өлең кітаптары, тиым салынған жібек іш киімдері, тығып ұстаған әтірлері, тарақтар мен айналары осы бір суық, солтүстік аймақта баумен мықтап байланған әскери затқапшықта мәңгіге қалды.

Жергілікті ұрыс... Мәні аса зор болмағанымен, бұл ұрыста қыздар кішкентай орманды қорғау үшін немесе темір жол үшін арпалысқан жоқ. Олар Отан үшін, бейбіт өмір үшін, қандастары үшін кеуделерін оққа төседі. Адамзаттың бақытты болуына, ғашық болуына, ән айтуына, ұрпақ жалғастыруына, бейбіт таңдардың атуы мен күннің батуы үшін күресті.

Бұл жақтың таңдары тыныш... Лайым тыныш болсын.

Суреттер: actorskino.ru, allcinema.ya1.ru, tvzavr.letai.ru

4994 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 мамыр 2012, 15:14
Пікірлер
+0
04 мамыр 2012, 12:44

жылап жіберсем бе екен :( әсер етіп кетті мына жазба

+0
04 мамыр 2012, 12:48

фильм керемет фильм. :!:

+0
04 мамыр 2012, 14:41

Есіме түсті бұл фильмді көргенім. Керемет фильм. Жалпы Ұлы Отан соғысы туралы киноларды көргенді ұнатамын. Тек кітаптан оқып өскен оқиғалардың бір сәт ортасында жүргендей әсер аламын.

+0
05 мамыр 2012, 22:34

Керемет фильм

+0
06 мамыр 2012, 00:13

Жақсы фильм сияқты

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...