Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / 9 МАМЫР 2013 / 9 мамыр. Алматылық ардагерлерге үй берілді

9 мамыр. Алматылық ардагерлерге үй берілді

9 мамыр. Алматылық ардагерлерге үй берілді

Алматы әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 20 алматылық отбасы жеке пәтер иелері атанды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тиісті құжаттар мен пәтер кілттерін табыс етті.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан қорғалуы тиіс азаматтар, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің жанұялары жаңа қоныс иелері атанды.

Ахметжан Есімов ең алдымен жиналғандарды алда болатын мерекелер – Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. Әкім ҰОС-на қатысушыларға денсаулық пен баянды бақыт тіледі", - делінген таратылған ақпаратта.

Жиында сөз алған Ахметжан Есімов: «Сіздердің Отан алдындағы жанқиярлық еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда ардагерлерге деген құрмет пен қолдау шексіз. Ең бастысы Сіздер мен біздер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алуға тиіспіз», - деді.

Әкім, сонымен қатар, екі жыл ішінде Алматыда 250 отбасының арендалық пәтерге ие болғандығын айтты.

Айта кетелік, пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан мемлекеттік бағдарлама аясында берілді. Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында барлығы 80 отбасы пәтерге ие болады деп жоспарланып отыр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: news.headline.kz

1313 5
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 04 мамыр 2013, 14:57
Пікірлер
+0
04 мамыр 2013, 15:17

Құтты болсын су жаңа баспана! Эх.. Менің атам да, әжем де мәңгілік баспаналарында жатыр :(

+0
04 мамыр 2013, 15:44

Дұрыстап берсе екен

+0
04 мамыр 2013, 15:59

Керемет! Жыл сайын 9 мамыр мерекесіне 1 апта бұрын дайындаламыз, бұл өте дұрыс! Тәуелсіздік мейрамынан гөрі осы мейрам жүрегімізге жақын. Ардагерлер жасасын! КСРО жасасын!

+0
04 мамыр 2013, 16:38

Керемет қой, бірақ олар тым аз қалды...

+0
04 мамыр 2013, 22:44

олардың арманы пәтер емес еді ғой....пәтер онсызда берілу керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...