Өнер жұлдыздары әйелдер қауымын мерекесімен құттықтады (видео)

Қай жерде мейлі қай елде

Әлемнің мәні әйелде, - деп Жүрсін Ерман ағамыз айтқандай көктемнің алғашқы бәйшешек гүліндей құлпырып, айтулы да өзекті төл мерекенің бірі - 8 наурыз әйелдер күні. Бәріміз де анадан туылдық, жұмақтың кілті ананың табанының астында демекші, барша аналарды, әпке-қарындастарды, сұлу қыздарды өнер жұлдыздары айтулы күндерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.  Біз де осы орайда барша әйелдер қауымын шын жүректен мерекелерімен құттықтап өмірлеріңіз мәнді де сәнді болсын демекпіз.