8 қадамда дайындалатын мерекелік пицца

8 қадамда дайындалатын мерекелік пицца

Қажетті азық-түлік тізімі

Қамырға:

- 3 стакан ұн;

- 1 стакан жылы су;

- 1 қалташа құрғақ ашытқы;

- 2-3 ас қасық зәйтүн майы;

Қоспаға:

- 1 үлкен пияз;

- 3-4 болгар бұрышы;

- 350-400 гр. қатты ірімшік;

- 500 гр. тартылған ет;

Қосымша:

- маргарин;

- кетчуп;

- майонез;

1 қадам

Ұн мен ашытқыны араластырамыз, оған бір шымшым тұз қосамыз. Сосын біртіндеп жылы суымызды құямыз да қолмен илейміз. Нәтижесінде бұл қосынды қамырға айналуы керек. Қамыр жұмсақ, созылмалы болуы үшін зәйтүн майын құйып, бес-он минутқа тындырып қоямыз.

2 қадам

Табаны алып, жақсылап құрғатып сүртеміз. Кепкен соң ғана бетіне орташа қалыңдықпен маргарин жағамыз (Сонда қамырымыз жабыспайды, пицца піскенде алынуы оңай болады). Табамыз дайын болған кезде тынған қамырды алып, табаның пішініне ұқсатып төртбұрышты қалыпқа келтіріп оқтаумен жаямыз. Дайын қамырды табаға саламыз. Егер де қамырдың пішіні сәйкес келмей, артық қамыр табадан шығып жатса, пышақпен кесіп алып тастаймыз. 

Пы/сы: Қамырды қалың не жұқа қылып жаю өзіңіздің талғамыңызға байланысты. Біреулерге қамыры қалың пицца ұнаса, енді біріне жұқасы ұнайды. Дегенмен екеуі де дәмді, алып бара жатқан айырмашылық жоқ деуге әбден болады.

3 қадам

Табадағы қамырдың үстіне 3-4 ас қасық майонез және кетчуп жағамыз. Одан көп жақса да ештеңе етпейді.

4 қадам

Фарщке тұз бен бұрыш себеміз де қолмен үзіп алып қамырдың бетіне саламыз.

5 қадам

Пиязды жартылай дөңгелек қылып тураймыз. Содан соң қамырдың тура ортасына пияздан дөңгелек жасаймыз, ол дөңгелектің ортасы бос болғаны абзал. 

6 қадам

Болгар бұрышын төртбұрыштап не ұзынша етіп тураймыз. Оны да қамырдың бетіне саламыз. Мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін, 8 санын немесе жүрек салып қойсақ болады.

7 қадам

Қызып тұрған пешке 200 градусқа 25-30 минутқа саламыз.

8 қадам

Пиццаның пісуіне 5 минут қалған кезде, пештен пиццаны алып, ірімшікті үккіштен өткізіп, үстіне себемізде, пешке қайта саламыз. Ірімшік еріген кезде пицца дайын болды деген сөз.

Ас болсын!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы