- Негізгі бет
- 8 наурыз 2016
- 8 наурызда қыздарға...
8 наурызда қыздарға не сыйлауға болмайды?
Көктеммен бірге көңілге қуаныш пен шаттық әкелетін аяулы аналарымыздың және аруларымыздың төл мерекесін бәріміз де асыға күтеміз. 8 наурыз мерекесінде ерлер сыйлық іздеп, тосын сый жасауға тырысады. Алайда сүйіктіңізді мереке күні қуантамын деп, керісінше ренжітіп алмаңыз. Себебі кейбір сыйлықтарды сыйламаған жөн.
Арықтауға арналған құралдар немесе фитнеске абонемент. Егер сүйіктіңіз дене бітіміне көңілі толмайтын болса, сіз оған араласпауыңыз керек. Тіпті сіз оның соңғы 1-2 аптада тәтті тағамдардан бас тартпайтынын байқасаңыз да, сүйіктіңізге ешқашан да таразы cыйламаңыз.
Әжімдер мен безеулерге қарсы иісмайлар. Кез келген әйел ер адам өзінің бет-әлпетіне аса мән бермейді деп ойлайды. Ал егер сіз сүйіктіңіздің кемшіліктерін байқағаныңызды түсінсе, әрине, оны ренжітіп аласыз. Сондықтан да жігіттердің ұсақ-түйек нәрселерді назардан тыс қалдыру керек екенін ұмытпаңыз.
Үй жануарлары. Сүйіктіңіз үй жануарларын қатты жақсы көрсе де, ол 8 наурызда өзіне сыйлық ретінде мысық немесе итті алғысы келмейді. Әйтпесе, сыйлығыңыз сол күні-ақ өзіңізбен бірге қайтады.
Иіссу немесе косметика. Ойлап қарасаңыз, иіссу немесе косметиканы сыйлау кең таралған. Алайда иіссу таңдауда талғамыңыз болса. әлде сүйіктіңіздің қандай ерін далабын қалайтынын білсеңіз, қорықпай ала берсеңіз болады. Дегенмен таңдау жасағанда күмәндансаңыз, сатушымен ақылдасқан дұрыс.
Жейде немесе белдемше. Сіздің көзіңіз қаншалықты өткір болса да, сүйіктіңіздің киім мөлшері XS немесе S екендігіне кепілдік берілмейді. Сондықтан тәуекелге бармаңыз, қателесіп қалу қаупіңіз бар.
Екі адамға арналған туристік жолдама. Әрине, бұл тосынсый болары сөзсіз. Бірақ бұл идеядан бас тартуға бірнеше себеп бар. Біріншіден, мүмкін сүйіктіңіздің ол уақытқа басқа жоспарлары бар шығар. Екіншіден, сіз жолдаманы Турцияға алып, ал сүйіктіңіз Парижге баруды армандап жүрген болар. Сондықтан мұндай сыйлық жасаудың алдында сүйіктіңізбен немесе құрбысымен ақылдасқан жөн.
Ақшалай сыйлық. Әрине, сыйлық алуға уақытыңыз болмай немесе сыйлықты онлайн жеткізу жағынан қиындық тууы мүмкін. Бірақ ең басты сыйлық − ол сіздің ілтипатыңыз. Аруларымызға көңіл бөлуді ұмытпаған жөн. Сол себепті конвертке салынған ақшаны сүйіктіңіз дұрыс көңіл бөлмегеніңіздің белгісі деп түсінуі мүмкін.
Тұрмыстық техника. Қандай жағдайда да 8 наурызда сүйіктіңізге шаңсорғыш, тоңазытқыш немесе қысқа толқынды пеш сыйламаңыз. Ондай бұйымдарды басқа күні де сыйлауға болады. Кез келген әйел бұл күні өзін «үй шаруасындағы әйел» статусында сезінгісі келмейді.
Дегенмен адамның ыстық ықыласынан асқан сыйлық жоқ. Сондықтан сүйіктіңізді әрдайым қуантып, тосын сыйлар жасауды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Мөлдір Қалықова
С. Ерсін