8 наурыз. Алматыда мереке қарсаңында өтетін іс-шаралар

8 наурыз. Алматыда мереке қарсаңында өтетін іс-шаралар

Алматы қаласында наурыз мерекесі қарсаңында өтетін іс-шаралар туралы ақпарат бермекпіз.

2 наурыз күні сағат 17.00-де халықаралық әйелдер мерекесіне орай Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Майра Ілиясованың ұйымдастыруымен "Жан Анам" атты концерт өтеді.  Концертте атақты эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

5 наурыз күні сағат 19.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында "Терісқақпай" театрының кеші өтеді. Кеште Асқар Наймантаев, Дархан Дайырбек, Ұлан Нүсіпәлив, Мұқамеджан Мырзакеев сынды актерлер өнер көрсетеді.

8 наурыз күні сағат 15.00-де және 19.00-де Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Заттыбек Көпбосынұлының жеке шығармашылық кеші өтеді. Бағасы 2000-5000 теңге аралығындағы билеттер сарайдың кассасында сатылады. Байланыс телефондары: 2742062, 87025570176, 87078235842.

8 наурыз күні сағат 18.30-де Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер Мұрат Ахмановтың "Ай-Қаракөз"  атты трагедиясы қойылады. М. Әуезовтың «Қаракөз» туындысы сахнада талай қойылып, көптің көңілінен шыққан еді. Енді Ғ.Мүсірепов театрының сахнасында құндылығын жоғалтпай, жаңашылдыққа икемделіп ұсынылмақ.

8 наурыз күні сағат 18.30-да М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында «Таңсұлу» қойылымы көрсетіледі. Қоюшы режиссері - Алма Кәкішева.

8 наурыз күні сағат 18.00-де Республика сарайында "Нысана" ойын-сауық театрының «Балалық шаққа саяхат»  атты жаңа концерттік бағдарламасы өтеді. Мұнымен қатар, концертке ең үздік эстрада жұлдыздары қатысады. Байланыс телефондары: 2915492, 87029277755

21 наурыз күні сағат 18.00-де Республика сарайында Мақпал Жүнісованың «Ерке қыз 50-де» атты ән кеші өтеді. Байланыс телефондары: 87273297711, 87075527711

1 сәуір күні сағат 19.00-де "Өнер қырандары" Республика сарайында өтетін  «10 жылдығына 5 жыл қалды» атты ойын-сауық кешіне шақырады. Жаңа бағдарламада шырқалатын Заттыбектің хит әндері мен Шәмші туындыларын «Бойтұмар» ансамблі сүйемелдейді.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Суреттер: news.nur.kz, slando.kz,zattybek.kz, вк желісінен

Қ. Бүйенбай