Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 8 НАУРЫЗ 2013 / Сұлулық пен жылылық шуағын шашқан

Сұлулық пен жылылық шуағын шашқан

Сұлулық пен жылылық шуағын шашқан

Әдетте әскер дегенде қару асынған ер-азаматтардың еске түсетіні анық. Армияның айбыны, жеке құрамның басым бөлігі ерлер екені тағы даусыз. Дей тұрғанмен, ірілі-ұсақты әскери бөліністерде күнделікті қызметтің «отымен кіріп, күлімен шығып жүрген» нәзік жандылар қаншама. Бүгінгі әңгімеміз әскери ұжымдарда айналасына сұлулық пен жылылықтың шуағын шашып жүрген әріптес қыз-келіншектер туралы болмақ.

Ішкі әскердің генерел-майор Әлібек Серәлиев қолбасшылық ететін Алматы құрамасына қарасты әскери бөлімдер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау, түзеу мекемелерін, маңызды мемлекеттік нысандарды күзету, сотталғандар мен қамауға алынғандарды айдауылдау бойынша қызметтік-жауынгерлік тапсырмалар орындайды. Жеке құрам ішінде қызметтің қиындығына қарамастан ерлермен иық тіресіп, түзеу мекемелерінде сақшы-оператор, бақылау-өткізу пунктінің кезекшісі сынды бірқатар лауазымдарда қоғам қауіпсіздігіне тікелей үлес қосып жүрген қыздар құраманың мақтанышы. Әскери бөліністер, басқармалардағы түрлі қызметтер мен бөлімдердегі қыз-келіншектердің де еңбегі елеулі. Қаржы, медициналық қызмет, іс жүргізу, тағы басқа салаларда қызмет етіп жатқан нәзік жандылар өз алдына бір төбе.

Жұмыс барысында

Біздің құрама басқармасында бүгінде 20 қыз қызмет етеді. Аға лейтенант Айнұр Шәкенова, сержант Гүлжан Баймұханова, қызметшілер Наталья Иванова мен Роза Әкімжанова бөлім есеп шотындағы қаражаттың ысырапсыз жұмсалып, әскери қызметшілердің айлық жалақысының, әлеуметтік жәрдемақыларының уақытылы түсуін қамтамасыз етсе, құпия бөлімше қыздары прапорщик Бахира Әділбекова, сержанттар Ләззат Халелова, Самал Аманшалова, кіші сержант Жазира Ахтаева кіріс, шығыс құжаттардың айналымына жауапты. Кадр бөлімшесі мен саптық бөлім арулары аға лейтенант Лаура Балғынбекова, аға прапорщик Людмила Коваленко, прапорщик Гүлмира Кермахунова, сержанттар Гүлмира Дүншебаева мен Гүлжан Әбсеитова атқаратын қызметтің мәні мен маңызы айтпаса да түсінікті.

Формалы қыздардың енді бірі тәрбие бөлімшесінің белді қызметкерлері. Капитандар Альмира Құрмәналиева, Әсия Қалиева мен аға лейтенант Данара Баймағанбетова сарбаздардың тәрбиесіне, құрамадағы моральдық-психологиялық ахуалға, әскери қызметшілер бірлестіктерінің жүйелі жұмысына, құрама бөлімдеріндегі мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге жауапты. Сержант Любовь Жердецкая мен кіші сержант Айнұр Әбілдабекова техникалық және тылдық бөлімдердің хаттаушылары ретінде осы саланың «отымен кіріп, суымен шығып» жүр, старшина шеніндегі Ләззат Сарыбаева әскери полиция бөлімшесінде табысты қызмет етуде.

Қаржыгер аға-лейтенант Айнұр Шәкенова

Бүгінде әскери ортаның қатаң тәртібі мен қиын қызметіне төтеп беріп жүрген қыздарымыздың еңбектері еселі. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қырағы күзетіп келе жатқан әскери бөлімдердің күнделікті тыныс-тіршілігіне өздерінің тиянақты да жауапты қызметімен алдағы уақытта да үлес қоса бермек.  

Жолдаған: Дархан Мұханов

ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Алматы құрамасы тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс (ТӘҚЖ) бөлімшесі бастығының аға көмекшісі

1810 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 07 наурыз 2013, 11:35
Пікірлер
+0
07 наурыз 2013, 15:42

Құттықтаймын мықты әйелдерді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев