Наурыз туралы әндер мәтіні

Наурыз туралы әндер мәтіні
Фото: Vox Populi

Наурыз мейрамында халық шаттанып, айнала нұрға бөленіп, бар әлем жаңарып, жұрт жаңа жылды тойлайды. Ал тойдың көркін қыздыратын ән салып, би билеу. Әннің сөздерін жатқа біліп, әуенін бұзбай айтып отырсаңыз, отырыстарты жандандыра түсесіз. Ұлттық мейрамымызға арналған ән-жырлардың да сөздерін бір оқып, жаттап алыңыздар.

"Наурыз"
Орындаған: Р.Рымбаева
Әнін жазған: Т.Сарыбаев
Сөзін жазған: М.Мақатаев

Наурыз айы туғанда, 
Той болушы еді бұл маңда. 
Сақталушы еді сыбаға, 
Сапарға кеткен ұлдарға, 
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі! 
Күні игі жердің - түрі игі. 
Бауыры жылып науат-қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Шашылып ырыс шанақтан, 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге, 
Наурыз айы келгенде, 
Наурыз тойын бергенде, 
Көрмегендер де - арманда, 
Арманда - оны көрген де. 
Келіп ем өмір - орманға, 
Наурыз айы келгенде.

Наурыз
Орындаған: "Үркер" тобы
Әнін жазған: А.Сағатов
Сөзін жазған: Е.Жапақ

Жырымыздан жалын тарады
Жер бусанып жатты ұдай
Күн теңесіп түнмен қалады
Қалаған соны Құдай

Түркістан тасы еріді-ау көктем
Көзімнің жасы айхау, еркем
Наурыз, Наурыз
жылы жеткені, айхай
Сары май, тары, көже төгілді-ай
Ақтады жайлау. 

Наурыз, Наурыз,
жылы жеткені, айхай
Сары май тары көже төгілді-ай
Ақтады жайлау. 

Қарасаң алтын мейрам
Адамнан келді арай
Жер беті жасыл сайран
Сары дала ән мен шырай.

"Төрлет, Наурыз"
Орындаған: "Жұлдыздар" тобы
Әні: С. Нәбиқұлов «Ice»
Сөзі: Қ.Омар

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң да жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Аумин

Наурыз айында әр үйге бақыт орнасын
Наурыз айында жамандық мүлдем болмасын
Даланың гүлі солмасын

Ұйқысынан әлем оянды
Шырқатамыз бүгін той әнді
Айнасына қарап қыс көктем
Сәулесімен күннің боянды

Қайырмасы:
Наурыз айында (наурыз құтты болсын)
Күн мен түн теңелер
Ақ көрпеден арылып

Ақ мол болсын

Көктемнің ескенде самалы
Құлпырды күн қара жер жамалын
Бұзылып қаһарлы қыстың қамауында?
Наурызым келді жаңа күн
Ашылып барлық күн ажары
Өмірдің қайнайды базары

Наурызым келді жаңа күн

Шашуда шашылды шұғыласымен күннің жарысып
Көрмеген көптен достар табысып
Бақытын тауып бір бірімен танысып
Ақ сақалдың ақ батасын алатын
Сағынышты сазымен құстардың
Селт еткізді салған әндері құштардың
Алғыс қой нағыз қиялыңда

Қайырмасы:
Наурыз айында (бақытты болайық)
Күн мен түн теңелер
Ақ көрпеден арылып

Наурыз келді жаңа күн
Көктемнің ескенде самалы
Құлпырды күн қара жер жамалын
Бұзылып каһарлы қыстың қамауында?
Наурызым келді жаңа күн
Ашылып барлық күн ажары
Өмірдің қайнайды базары

Наурызым келді жаңа күн
Көктемнің ескенде самалы
Құлпырды күн қара жер жамалын
Бұзылып каһарлы қыстың қамауында?
Наурызым келді жаңа күн
Ашылып барлық күн ажары
Өмірдің қайнайды базары

Наурызым келді жаңа күн

Наурыз

Орындаған: Айқын Төлепберген, Мадина Сәдуақасова, Маржан Арапбаева

Күн күліп ойнап, 
нұр шуағын төгіп атты танымыз
Қыр гүлі жайнап
түрленер айнала бақша бауымыз
Бұлбұлы сайрап мың төгіліп
Күйге еңеді жанымыз
Құлпырып аймақ 
Даламызға байтақ келді Наурыз
Аңсап ел күткен, келді көктем Наурыз

Қайырмасы:
Наурыз Наурыз бұл мерекесі ұлыстың ұлы,
Жаңарып әлем бүгін теңеседі күні мен түні.
Ырысқа толсын еліміздің жаңа тағы бір жылы,
Қош келдің Наурыз, Наурыз.

Жыл кірді жайлап қуанышпен тойлап жатыр халқымыз,
Қазанда қайнап Науырыз көже тұр дәмін татыңыз.
Амандық саулық сұрасып жасымызбен қартымыз,
Жаңғырар қайта Бабамыздан қалған дәстүрі-салтымыз.
Аңсап ел күткен, келді көктем Наурыз

Қайырмасы:
Наурыз Наурыз бұл мерекесі ұлыстың ұлы,
Жаңарып әлем бүгін теңеседі күні мен түні.
Ырысқа толсын еліміздің жаңа тағы бір жылы,
Қош келдің Наурыз, Наурыз.

Қайырмасы:
Наурыз Наурыз бұл мерекесі ұлыстың ұлы,
Жаңарып әлем бүгін теңеседі күні мен түні.
Ырысқа толсын еліміздің жаңа тағы бір жылы,
Қош келдің Наурыз, Наурыз

"Наурыз көктем"
Орындаған: Алтынай Жорабаева

Келді көктемім
Гүлдер бүршігін жарып
Келді көктемім
Жаңа бір үміт алып
 
Қуанып жасымызда кәрімізде
Саламыз шаттық әнге бәрімізде
Көктем ару келді
Наурыз
 
Ағайын, құтты болсын Наурыз
Жадырасын жанымыз, жанымыз
Наурыз, құтты болсын ағайын
Алғысыңды алайын, алайын
 
Жаңарып көне
Түрленді күллі дала
Көңілді жүрміз
Гүлденді әсем қала
 
Қуанып жасымызда кәрімізде
Саламыз шаттық әнге бәрімізде
Көктем ару келді
Наурыз
 
Ағайын, құтты болсын Наурыз
Жадырасын жанымыз, жанымыз
Наурыз, құтты болсын ағайын
Алғысыңды алайын, алайын
 
Ағайын, құтты болсын Наурыз
Жадырасын жанымыз, жанымыз
Наурыз, құтты болсын ағайын
Алғысыңды алайын, алайын
 
Наурызым – мерекем
Орындаған: Наурыз және Назымгүл
 

Наурызым, Ұлы күн, Ұлысым
Көктемнің қызғалдақ гүлісің
Халқымның түлеткен дәсүрін
Тірліктің кеңейткен тынысын.

Наурызым – жыл басы, мерекем,
Ғашықтай күн мен түн тең екен.
Егемен елімде сенімен
Жалғасып барады берекем.

Өмірге үн қосым өзгерек
Өзіңмен көңілім көктеген.
Көп көже, жеті дәм татысып,
Арылып реніш-өкпеден.

Наурызым – жыл басы, мерекем,
Ғашықтай күн мен түн тең екен.
Егемен елімде сенімен
Жалғасып барады берекем.

Құтты болсын Наурыз

Орындаған: Бота Бейсенова

Құтты болсын Наурыз жылдың басы,
Самарқанның еріді бүгін тасы
Жиылған жұрт көрісіп, тілек айтып
Бата сұрар үлкеннен ауыл жасы

Наурыз, наурыз халәләку-ләйлім
Наурыз, наурыз лиләләку-ләйлім
Ұлыс күні оң болсын
Дастарханың мол болсын
Құтты болсын әз Наурыз!
Ұлыс күні оң болсын
Дастарханың мол болсын
Құтты болсын әз Наурыз!

Ақ түйенің қарны жарылған күн
Өкпе, нала болса егер арылған күн
Наурыз көже әр үйден дәмін татып
Ақ дастархан кеңінен жайылған күн

Наурыз, наурыз халәләку-ләйлім
Наурыз, наурыз лиләләку-ләйлім
Ұлыс күні оң болсын
Дастарханың мол болсын
Құтты болсын әз Наурыз!
Ұлыс күні оң болсын
Дастарханың мол болсын
Құтты болсын әз Наурыз!

 
@. @assel_assanova