Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы кісі өліміне себеп болды

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы кісі өліміне себеп болды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы кісі өліміне себеп болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде болған.

Audi A8 автокөлігі жолға кенеттен шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.

Көліктің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Көлікте жолаушы ретінде отырған 54 жастағы ер адам түрлі жарақат алып, аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан