22 наурызда болған айрықша оқиғалар

22 наурызда болған айрықша оқиғалар

Наурыздың 22-жұлдызы біздің санамызда әз Наурыз мерекесімен сақталған. Бұл күн туралы тағы басқа да тарихи деректер барын біреуіміз білсек, біріміз білмейміз...

Мысалға, бұл күннің тек жаңа күннің бастауы ғана емес, кейбір мемлекеттер үшін Тәуелсіздік алған күні, белгілі тұлғалардың туған күні, түрлі бастамалардың ашылу сияқты атаулы оқиғалармен астасып жатқанын білесіз бе? Ендеше, 22 наурыздың тарих бетінде тағы да қалай жазылғанын бірге оқиық:

1848 жылы 22 наурызда Венеция өз тәуелсіздігін жариялаған.

1874 жылы 22 наурызда әлемде тұңғыш рет үлкен теннис ойыны өтті.

1876 жылы 22 наурызда Испания өз конституциясын қабылдаған.

1902 жылдың 22 наурызында қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті драматургі Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов дүниеге келген.

1904 жылы 22 нарызда әлемде бірінші рет «Иллюстрейтед Миррор» атты лондондық газетте түрлі түсті фотосурет басылған.  

1913 жылы 22 наурызда нәзік жандылар арасындағы әлемнің тұңғыш ұшқышы Сабиха Гёкчен Түркияның Бурса қаласында дүниеге келген.

1921 жылы 22 наурызда «Жас алаш» газетінің бірінші саны жарық көрген.

1935 жылы 22 наурызда Персия елінің атауы Иран деп өзгертілген.

1948 жылдың 22 наурызында Қазақстан Жазаушылар одағының мүшесі Марат Қабанбайұлы дүниеге келген.

1949 жылдың 22 наурызында әнші әрі жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері  Жәнібек Кәрменов дүниеге келді.

1990 жылы 22 наурызда Алматы қаласында «Ана тілі» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді.

1991 жылы 22 наурызда республикалық «Жас қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрген.

1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясында 22-ші наурыз «Дүниежүзілік су қорлары» күні деп жарияланған.

2001 жылы 22 наурызда қазақстандық «Ұлытау» тобы алғаш рет өз өнерлерін ортаға салды.

2008 жылы 22 наурызда Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстанның Мәдениет үйі мен қазақ тілін үйрену орталығы ашылған. 

Құрметті оқырман, осы күні болған, жоғарыда аталмаған айрықша оқиғаларды білсеңіз, айта отырыңыз, біле жүрейік.

Сурет: pandaland.kz

Е. Жұмабайұлы