Massaget.kz Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Massaget.kz Наурыз мейрамымен құттықтайды!

22 Наурыз ұлыстың ұлы күнімен Massaget.kz редакиясының қыздары құттықтайды!

 

Анар Мұстафинова:

Көне парсы тілінен аударғанда Наурыз - «Жаңа күн» деген мағына береді екен. Жер көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын шақта адамзат та жаңа күннен нәр алып, үміттерін үкілеп, бақытқа жол бастауларына тамаша мезгіл. Наурыз салтына сәйкес ренжіскен адамдар бір-бірін кешіріп, татуласып, шат-шадыманға бөленеді.

Ақсақалдардың ақ батасын алып, бір-бірлеріне ізгі тілектер айтады. Наурызда айтылған барлық жақсы тілектер орындалсын! Наурыз барлығыңызға құт әкелсін!

Мейіргүл Оңғарова:

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын! Наурыз күнінде тіленген арман-тілектер жүзеге асып, наурыздан наурызға аман-есен жете берейік! Ақ мол болсын, қайда барсақ та жол болсын! Ырысты, берекелі жыл болсын!

 

Қарлыға Бүйенбай:

Ұлыстың Ұлы күні – барлығымыздың да дәстүрлі құндылықтар аясында бірігіп, мұз болып қатқан ренішіміз болса, ерітіп, жаңа бастауларға жол ашатын күн. Төл Жаңа жылымызда күннің алғашқы нұры әрбір отбасыға бармақтай болсын бақыт,

 

сәбидің күлкісіндей алаңсыз өмір, ең бастысы денсаулық әкелсін! Жер планетасында өмір атты уақытта қонаққа келгенімізді ұмытпай, өткізіп жатқан әрбір тағатымыз мағыналы болсын! Сүйікті Массагетіміз жаңа жетістіктерге жетіп, жаңа оқырмандармен толықсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!

A. Mustafina