Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2014 / Қазақстандық өнерпаздар Наурызды қалай қарсы алады?

Қазақстандық өнерпаздар Наурызды қалай қарсы алады?

Қазақстандық өнерпаздар Наурызды қалай қарсы алады?

Өнер адамдарының мерекелерді көбіне халық арасында өткізетіні белгілі. Толассыз гастрольдер мен той-томалақтың арасында әншілер де қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже жасауға уақыт тауып, келген қонақтарына жеті дәмнен ерекше мәзір ұсынады.

Мақпал Жүнісова, әнші:

"22 наурыз күні жанкүйерлерімнің сұрауы бойынша Республика сарайында тағы концерт берейін деп жатырмын. 21-інде өтетін концертке билет бітіп кеткен екен, сол себепті 22-сі күні тағы жеке концертімді беремін деп шештім. Жыл сайын Наурыз мерекесі халықтың арасында өтеді. Халықпен бірге қарсы аламыз. Біздің мерекелер халықпен бірге тойланады".

Алтынай Жорабаева, әнші:

"Біз Наурыз мерекесін отбасымызбен бір ай бойы тойлаймыз. Сол 22 наурыздан басталады, сәуір айының ортасына дейін барады. Наурыз мерекесінде туған-туыстарымыз, достарымыз міндетті түрде өзім дайындаған наурыз көженің дәмін татуға қонаққа келеді. Құрбыларым тіпті «Наурыз көже дайындап қойшы» - деп қолқа салып, келіп жатады. Наурыз мейрамы қарсаңында дастарханға қойылатын жент, ірімшік, қаттама нан секілді ұлттық тағамдарды өзім дайындаймын. Соны туыстарым сағынып, Алтынайдың қолынан жасалған дәмнен ауыз тиейік деп келеді. Наурыз көжені де мен өз мәзірім бойынша дайындаймын. Мен жеті түрлі дәнді-дақылды есептеймін. Су, тұз, айранды оған қоспаймын. Соғымнан қалған етті асамын, сорпасына дәнді дақылдарды қосамын. Айран-көжені бөлек жасаймын. Еттің сорпасына піскен дәндерді бөлек дайындаймын. Екеуін ыстық күйінде қоссаң өзгеше дәм береді".

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

"Ұлыстың Ұлы күні Наурыз біздің қазағымыздың асыға күтетін мерекесі ғой. Мерекені отбасымызбен үлкен дастархан жасап, басты тағам наурыз көжемен қарсы аламыз. Қыстан қалған соғымның етін асамын, наурыз көжеге арнап қазы-қартаны бөлек сақтаймын. Мен өзім Қызылорда облысының Арал қаласынан боламын, онда өзеріңіз білетіндей түйе өсіреді. Соның өркешін анам сүрлеп сақтайды. Наурыз көжеге өркештің майлы дәмді етін анам маған беріп жібереді. Соның сорпасына жылқының қазысын, жүгері, тары, арпа, бидай, күріш деген сияқты дәнді-дақылдарды қосамын. Негізі жеті түрлі дән қосу керек дейді ғой, бірақ мен жеті түрлі деп қатып қалмаймын, қаншама дән бар, соның бәрін қосамын, тағы өрік, мейіз де қосамын. Бәрі біткен соң айран құямын. Онда да дүкеннің айраны емес, қолдан ұйытылған айранды құямын. Құртты езіп, қатық қоссаң, тіпті керемет болады. Наурызда ұлттық тағамымыз бешбармақ, бауырсақ, наурыз көже жасап, қонақ күтеміз. Тек 22 наурыз күні ғана емес, қазақ өзі Наурызды бір ай тойлаған ғой, сондықтан біз де наурызды 18-19-нан бастап, сәуірге дейін қонақ күтіп, тойлаймыз. Наурызда біздің үйден қонақ үзілмейді".

Жазира Байырбекова, әнші:

"Енді біздің Наурыз 15-ші күннен бастау алады ғой. Сол кезден бастап тойлауды бастай береміз. Сапарға шыққанша үйге әжелеріміз, туған-туыстарымыз, достарымыз келеді. Соларға наурыз көже дайындап, үйде күтеміз. Гастрольдік сапардан кейін де қонақ күтеміз. Осы жылы Наурыз мерекесінде Астанада, Қарағандыда өнер көрсетеміз. Жалпы Наурыз мерекесі бір ай тойланады ғой. Отбасымыз кішкентай ғана, сондықтан отбасымызбен бірге халықтың арасында қарсы аламыз. Бес-алты жыл бойы осылай қалыптасып келеді".

Әнел Әрінова, әнші:

Өздеріңіз білетіндей, әртістер – жұмысбасты адамдар және мейрам кезінде де біз халықты өнерімізбен қуантамыз. Әрине мен наурыз көжені жеті музыкалық нотадан жасаймын, сіздерге ұнайды деп үміттенемін.

Сурет: www.aikyn.kz, newmusic.kz, vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 17 наурыз 2014, 10:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.