Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2013 / 22 наурыз. Ақ құю

22 наурыз. Ақ құю

22 наурыз. Ақ құю

Ақ құю – қадым замандардан бері қаймағы бұзылмай келе жатқан қасиетті ырым. Жалпы, «ақтың» өзі қазақ ұғымында аса қадірлі тағамдардың бірі саналады. Қазақ халқы сүтті, қымызды, шұбатты, айранды, тағы басқа сүт тағамдарын «ақ» деп атайды да, оны қасиетті, киелі санатына жатқызады. Сол сияқты ақ түсі де адалдық, тазалық ұғымын білдіреді.

Наурыз күні әрбір үйдің дастарқанына ақтан (сүт тағамдары), көк ырыстан (дән тағамдары мен жеміс-жидектер) және қызылдан(еттен істелетін тағамдар) жеті түрлі дән қойылса, Наурыз түні үйдегі барлық бос ыдыстар аққа толтырылатын болған. Бұл келер жылы берекелі, ырысты, молшылық толы жыл болсын деген ниеттен туған.

Ағарып таң атқанда, яғни Наурыз күні таңертең ертемен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз-келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп қаумаласқан жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген қариялар бұлақ басына тал егеді. Әйелдер атып келе жатқан Күнге тәу етіп, «Армысың, қайырымды Күн-Ана!»деп иіліп сәлем береді, «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт, жарылқа!» деп ашылған бұлақ көзіне май құйып, жаңа егілген ағаштарға ақ бүркеді.

Ақ түйенің қарны жарылған бұл күні халық ішіндегі жас ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан дәстүр, ілтипат, ізеттер біржола жұмсалады. Тіптен, келіні қайын атасымен, күйеу баласы қайын енесімен емін-еркін қалжыңдаса беруіне болады. Наурыз күні мұндай іс көзге сөлекет көрінбейді. «Ұлыс күні қариялармен көріссем, батасын алсам, болашақ ұрпағыма олардың күш қуаты дариды» деген сенім бойынша Наурыз күні жас келіндер көп жасаған, балалы-шағалы, шежіре қарттармен көбірек көрісуге тырысады.

Ақ алып шығу (салт, ырым). Халық дәстүрінде ауылға келген көш алдынан шығу – адамгершілік, мұсылмандық,  болашақ көршілік парыз. Ақ алып шығу «осы ақтай таза, дәмді болайық» деген тілекті білдіреді. Мұндай жағдайда жаңа көшіп келгендер ризалық білдіріп, алғыс айтады. Бір тоқтысын сойып көршілерін қонаққа шақырады. Ал бұрынғы көршілер бұдан бұрын «ерулікке» шақырып үлгереді.

Ақ құйып шығару (салт, ырым).  «Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» (мәтел). Халқымыз ақты жерге төкпейді, аяқпен баспайды. Ал кейде сол ақты жерге төгетін ырымдар да бар. Мысалы, қалың өрт келгенде алдынан ақ шашады. Сол сияқты үйге жылан кіріп кеткендеде оның басына ақ(сүт немесе айран) құйып, үйден шығарып барып өлтіреді. Мұндай әдет халықтың өз аулына немесе  үйіне келген дос, дұшпанына да алдымен құрметпен қараудан шыққаны болуы керек.

Ырымның мәні өзіңе зиян жасамаса, сен де тиме, дұшпаның болса да дәміңді аяма, отбасының қасиеті осы дегенді білдіреді.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 наурыз 2013, 16:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.