Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір – 2018 / Ақан сері-Ақтоқты махаббаты

Ақан сері-Ақтоқты махаббаты

Ақан сері-Ақтоқты махаббаты

Ақан сері Қорамсаұлының, оның сүйгені Ақтоқты арудың тарихи тұлғалар екендігі рас. Олар – өмірде болған ғашықтар. Әдебиет тарихында Ақан сері мен Ақтоқты ғұмырындағы ұлы махаббатты біршама ақын-жазушы жырлап, қалам тербеген. Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын Сыдық Мұхамеджанов «Ақан сері – Ақтоқты» операсын жазды. Ақан сері-Ақтоқты махаббаты зор құрбандыққа сеп болған. 

Шығармаларда тартымсыз болып бейнеленіп жүрген Жалмұқан - шығарманың бас кейіпкерлерінің бірі. Ол Ақтоқтыны қалыңдық еткелі жатады. Жалмұқан әрі Ақанмен сыйлас, дастархандас адам болған. "О, серім кел… кел! Әніңді сағындық. Жат масайрап осы ауылда. Мауқыңды бас, серім!" — деп Ақан Серіге құрмет көрсетіп, Қызылағашты әнге бөлеген сәттері де болған. 

Ақанның жары Ұрқия шешек шығып қайтыс болады. Ұрқия өлгеннен кейін Ақанның жаны қасіретке толады. Жараланған жүрек жазылу үшін ол тағы махаббат іздейді. Ақан айналып Ақтоқтыға келеді. Ол кез Ақтоқтының Жалмұқанға енді ұзатылып жатқан шағы еді. Ақан серінің көңіл науаны Ақтоқтыға біржола ауады. «Ақтоқтының сыйпаты», «Ақтоқты», «Ақтоқтының аужары» сынды әндерінде серінің Ақтоқтыға деген іңкәрлігін одан сайын айғақтай түседі. 

Бұл жерде Сырымбеттей тау бар ма екен, 
Малға жай Жеке көлдей қау бар ма екен? 
Селт етіп оң қабағым көтерілді, 
Көңілді қалқам келіп аулар ма екен? 

Ақтоқты,кеткенің бе шыныңменен, 
Тар жерде бал беруші ең тіліңменен. 
Кез болдық дарияның қайраңына, 
Зарланып ән шырқаймын бар үніммен. 

Алдында есігіңнің балдырған жоқ, 
Көңілді сұлу қыздар қалдырған жоқ. 
Түсімде ұйықтасамда жанымдасың, 
Ояна түрегелсем дәнеме жоқ. 

                                                   "Ақтоқты" 

Жалмұқан мен Ақтоқты бас қосқан алғашқы жылдарда Ақан Сері жүрегін тілім-тілім еткен арманын ұмыта алмаған. Ақтоқтыға аңсары ауып, талай рет келген. Ақтоқты болса, өзінің бақытты екендігін айтып: "Ақан, енді тұнығымды лайламасаң болады" деп кері қайтарған. Ақан болса, өз дертінің емін өзгеден таппайтынын анық түсініп, Ақтоқтыны алып қашады. Суыт хабарды естіген Жалмұқан мен оның серіктері артынан қуады. Қуғыншылар: "Айырылып қалдық-ау, құтылып кетті-ау?" деген сәтте Ақан мен Ақтоқты Есіл өзеннің алдында жатқан сарымиға келіп тіреледі. Осы кезде қуғыншылар да жетеді. Екеуінің құтылып қашып кетуі қиынға айналады. Оның үстіне сарымидан өтудің өзі сарсаңға түсірмек. Ақан сері аттан секіріп түсіп "маған бұйырмаған Ақтоқты, Жалмұқан саған да жоқ",-деп Ақтоқтының қабағының үстін қанжармен орып түсіреді. Қызыл қаны аспанға шапшыған Ақтоқты талып құлайды. Бар адам жапа-тармағай соған ұмтылғанда, Ақан атына мініп кетіп отырады. Бұл оқиғаның шын мәнісінде болғанын Ақан серінің: 

"Басыңды сарымида кесіп тастап,

Құныңмен даулассам ед өлгенімше", - деген сөздері дәлелдейді. Оның айдай аппақ ақ жүзіне қанжардың мәңгілік өшпес таңбасын Ақан өз қолымен салған. Ақанның Ақтоқтыны өлтірмек болған амалы оның махаббатының тым асқақтығын, одан өзге Ақтоқтыны ешкім сүймеуі тиіс деген ішкі сертінің беріктігін білдірсе керек. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: auezov-theatre.kz
Қосылған күні: 15 сәуір, 17:17
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.