Бойдақтар мен кәрі қыздардың көбею себептері қандай?

Бойдақтар мен кәрі қыздардың көбею себептері қандай?
Фото: fitlife.tv

Заман талабы ма әлде жастардың бойындағы өзге адамға сену деген ұғымның азаюы ма соңғы уақытта отбасыны емес, өзге бағытты таңдауды жөн санайтындар бар. Жасы 25 – 40-қа келсе де, отбасылы болып, бала тәрбиелеудің орнына өмірде өз орнын қалыптастыруды көздейтін сүр бойдақтар мен кәрі қыздардың саны артып келеді. Оның себебін бәріміз олардың қойған мақсаттарымен байланыстырамыз. 

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның халық саны 18 404 047-ге жеткен. Оның ішінде ер азаматтардың саны – 8 839 921 (48%) болса, 8 564 121 (52%) әйел адам өмір сүріп жатыр. Ал, жас мөлшері бойынша 15 жастан 65 жасқа дейінгі орта буын жалпы халықтың 71%-н құрайды. 

2012 жылғы мәліметке сүйенсек, елімізде 25 жастан жоғары үйленбеген немесе тұрмыс құрмаған 3 миллион адам өмір сүріп жатыр. Әрине, бұл – қорқынышты сандар. Сондықтан, біз адамдардың арасында сауалнама жүргізіп, қыздардың тұрмысқа шықпау себебі мен жігіттерге үйленуге не кедергі екенін білгіміз келді. 

eeeeСауалнамаға 18- 45 жас аралығындағы 100 адам қатысты. Жауап бергендердің ішінде: 
83%
– үйленбегендер/тұрмық құрмаған 
13% – үйленген/тұрмысқа шыққан 
4% – ажырасқан. 

Себебін түсіндіруді өтінгенімізде, "Жаспын, әлі ерте" деген жауаппен шектелгендердің үлесі – 52%.  "Сүйгенімды жолықтырмадым" деп ақталғандар қатары да көп болды. Сонымен қатар, жұмысын бірінші орынға қойып, отбасын құруды кейінгі орынға ығыстырғандардың қатары да жоқ емес. 
ввСонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың арасында денсаулығына байланысты отбасын құрмаған адамдар да бар. Одан бөлек, "махаббатқа сенбейтін" адамдар да табылды. Ал, әлеуметтік желіде бір қалдырған Нұрлан Жанай есімді қолданушы: 
"Үйленуден басқа да ұлы істер бар. Бақыт тек үйленуден, балалы болудан тұрмайды. Өзіңді дамыту, түрлі адамдармен араласу, ел-жер көру деген сияқты ләззат алудың түрі көп" – деген пікір қалдырды. 

ввАл, "кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың көбеюіне не себеп?" деген сауалымызға "Әлі уақыт келмеді" деген жауап көш бастаған болатын. Сонымен қатар, бір оқырманымыз "Барлық таныстарым үшін дәл қазір оқу мен жұмыс, мансап маңыздырақ" деген пікір қалдырыпты. 

Бұл сандарға қарап-ақ, жастардың арасында отбасыдан бұрын жағдайын жақсартуды көздейтіндердің қатары мол екенін аңғаруға болады. Дегенмен, олардың басты қорқыншы жалғыздық екенін ескерсек, олар сол қорқынышына бетпе-бет өз еріктерімен қадам басып келе жатқанын аңғара ма екен?

Біз сауалнама нәтижесіне қарай, мынандай қорытындығы келдік: 
1-себеп: Жастардың ғашықтарын "ұзақ" іздеуі: 
Елестетіп көріңізші, сіз базарға келдіңіз, өзіңізге киім іздеп жүрсіз. Алғашқы көрген киім қатты ұнап тұр. Бірақ, кейін одан да жақсысын кезіктіруім мүмкін деген оймен, оны алмай өзге дүкендерге бет бұрдыңыз. Бірақ, алғашқы таңдауыңыз әлдеқайда жақсы. Қайтып келіп, алғашқысын алдыңыз. Әрине, жолыңыз болса ғана аласыз. Болмаса, бармақ тістеп қаласыз. Өмір де дәл сондай. Барлық талаптарыңызға сай адам жолығады. Тек бір ғана кемшілігі бар. Мінсіз адамды табамын деген оймен ол адамнан бас тартасыз. Бірақ, өміріңіз тек ізденіспен өтіп кетеді. Қайта оралуға мүмкіндік те, уақыт та жоқ. Өмір – киім дүкені емес. Мүмкіндік беріледі, бірақ, алғашқы мүмкіндіктің құны өзгелерге қарағанда мың есе жоғары болады. 

2-себеп: Жұмыс, мансап, оқу: 
Өзіңіздің арманыңыз бен жоспарыңыз сай келетін адаммен бас қоссаңыз, бұл мақсаттарыңызды бағындырудың еш қиындығы жоқ. Жұмыс істеп те, отбасыны асырап та үлгеріп жатқандар қаншама. Оған дәлел – сіздің ата-анаңыз. Мансап та, жұмыс та, оқу да балаларыңыз сыйлайтын бақытты, отбасылық қамқорлықты сыйлай алмайды. Есіңізде болсын, бір күні уақыт келеді, жастық кетеді, қарттық қол бұлғайды. Сол кезде сізді сүйіп, еркелейтін "әже, ата" дейтін ешкім болмайды. 

3-себеп: Ажырасып кетуден қорқу: 
Ажырасудың басты себепкері – өзіңіз. Сіз шыдамдылық танытсаңыз, бұған жол бермеуге болады. "Көз – қорқақ, қол – батыр". Өмірде бәрінің дәмін татып көріңіз. Ажырасудың қаншалықты ауыр тиетінін сезіне алсаңыз, демек, болашақта сіздің қолыңыздан бұл қатермен күресу келеді. 

4-себеп: "Ер адамның бәрі – оңбаған"немесе "әйел адамға керегі – тек ақша ": 
Осындай пікірмен өмір сүретін адамдарға айтарымыз: Адам өзінің пиғылына сай адамды кездестіреді. Егер сізге ақшаға құныққан әйел адамдар кездессе, сіз ылғи сондай адамдардың ортасында өмір сүресіз немесе санаңызды осы бір пікірге сендіріп алғансыз. Өміріңізде жолыққан бір-екі адамға бола мыңға топырақ шашу қаншалықты дұрыс? 
Егер серігіңіз сіздің жұмысыңыз, табысыңыз туралы сұрай бастаса, оған ақша емес, жай ғана болашақ өмірінде қиындыққа тап болмайтынына, балаларын асырай алатынана сенімді болғысы келетінін ұққайсыз. Өйткені, қыздар сенімді адамды қалайды. Жиырма бес жасыңызға дейін бос сенделіп жүрсеңіз, не тұрақты қызметіңіз, не біліміңіз болмаса, болашақта дүниеге келген балаларыңызды қалай асырмақсыз? 
Өмірде мынандай қағида бар: "Қырық жасына дейін адам қалай өмір сүрсе, кейін де солай өмір сүреді". Яғни, адами қажеттілік тұрғысынан дамуға сізде  тек 40 жасқа дейін уақыт бар. 

5-себеп: Мінез: 
Иә, қыздар өздерін тәуелсіз адам ретінде жиі көрсететін заманға тап болдық. Олар өз беттерімен өмір сүре алады, шешім қабылдай алады, олардың таңдауына араласатын адамның керегі жоқ. Ер адамдар табиғатынан ашу шақыруға бейім әрі ақылдан бұрын күштің көмегіне сүйенетіні де жасырын емес. Бірақ, бұл мінездердің барлығы отбасы бақытынан қаншалықта артық? 

Айналаңызда тұрмысқа шықпаған, үйленбегендер болса, қандай "ақыл –кеңес" айтпаған жөн: 
1. Ешқашан "қашан?" деп мазасын алмаңыз. Біріншіден, бұл оны мезі етеді. Екіншіден бұл сөзді естімеу үшін сізден алшақтай бастайды. Ол – жеке бастың мәселесі. Оған қол сұғу, мазалау дұрыс емес. Өйткені, көп жағдайда сүр бойдақтар мен кәрі қыздар білдірмесе де, күйзеліспен өмір сүреді дейді психолог мамандар. 

2. "Сені ұнатқандардың етегінен ұста, махаббат артынан пайда болады": Көбіне ер азаматтан гөрі, тұрмыс құрмаған қыздардың туыстары, ата-анасы мазасын жиі алады. Бұл сөзді мүлдем қолданбаңыз. Өйкені, олар да өзгелер секілді сүйіп отбасын құруды армандайды. Ал, балалы болған соң, үйленген соң махаббат сезімі туады деп "алдау" дұрыс емес әрі сізге деген сенімін жоғалтуға себепші болады. 

3. Өткенді қозғамаңыз. Жабулы қазан жабулы қалсын. Өткен қателігін бетке баса беру оның бойындағы қателік жіберіп аламын деген қорқынышын күшейтеді. Қателік жібермеудің жалғыз жолы – әрекетсіздік. Сондықтан, олар осы жолды таңдауды жөн санайды.


Өз еркімен отбасын құрмаған адамдарға айтарымыз, болашақты бармақ тістеп қалмау үшін тағы бір ойланып көріңіз. Ал, тағдырды кінәлайтын жандарға айналаңызға зер салып қараңыз, мүмкін алыстан іздегеніңіз қасыңызда жүрген шығар дегіміз келеді. 

Бақытты болыңызар!

 
Т. Есқали