Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арнайы жобалар / 15 сәуір 2016 / 15 сәуір. Сан құбылған сезім #2

15 сәуір. Сан құбылған сезім #2

15 сәуір. Сан құбылған сезім #2

Сезім – жүректің түкпірінде тұрып алып, былай да былай ойнақшитын құбылыс. Ол өмір сүріп жатқан ортаға, жас ұлғаюына, сана дамуына байланысты мың құбылады.

Ес біліп, айналасындағыларды танығаннан бастап ұнату сезімі оянады. Тілі енді шыққан балабақша бүлдіршінінің сөйлегенін қызықтап, көбінің алғашқы сұрағы: «Қызың бар ма?» болуы да осының айғағы. Балауса қыздың бойжеткен шағына дейін, одан ақ жаулықты әже болған кезіне дейінгі, сезімдік сергелдеңін сипаттап көрейік. Ұлдардың сезімі де осыған ұқсастау, бірақ сәл өзгешелеу болатын шығар.

БАСЫ

21-22 жас: Кез келген ортада өзін қалыпты ұстай білетін, кез келген сәтте қорған болатын, ақылы артық, тәрбиесі тәлімді, тұрақты жұмысы бар, зиянды әдеттерден аулақ, қыз-қырқынға қырындамайтын адал жігітті қажет етеді. Көріп отырғаныңыздай, талғамы әлдеқайда жоғарылап, талабы біршама күшейіп кетті. Ақыл тоқтатып, есі кірді. Сезімнің сұрауына қарағанда, ақылдың айтқанына жүгінеді. Тұрмыс құрып, өмірінің соңына дейін бір шаңырақ астында тұруға жарайтын-жарамайтынын саралап, жан-жақты қарастырады. Көкейіне қонымды жігіт кездессе ғана көңіл жарастырады.

23-25 жас: Жігіт ақылды, салмақты, ішпейтін-шекпейтін, жаныңды түсінетін болса жеткілікті. Он жыл кездесіп жүріп, өзгеге үйленіп кететіндер де бар. Бір жылда танымаған адамды бес жылда тани қоймайсың. Шаңырақ көтермейінше артық қылығын көрсетпейді. Уақыт өткізіп, жүре бермей, тезірек тұрмыс құрған жақсы. Сезім өзі-ақ пайда болады.

26-35 жас: Өзінен айнымайтын балаларымның әкесін қалай жақсы көрмейсің. Ол не айтса да дұрыс, не десе де заң. Мен оны қазірден тыңдамайтын болсам, балаларыма әкеңе қарсы келме деп қалай айтамын. Сол кісі аман болсын. Оған деген махаббатымды отбасына ұйытқы сыйлап, балаларыма деген шексіз сезімім арқылы білдіремін.

37-42 жас: Жарым жұмыста жүргенінде бір рет хабарласқанда телефонға жауап беріп үлгермей жатсам, не желі бос емес болса, «кіммен сөйлестің, не істедің» деп мазамды алады. Қырыққа келіп, қызғанғаны несі екен. Өзім үй мен жұмыс арасында мұрнымнан шаншылып жүргенде, артық ауыз біреумен сөйлесетін уақытым да жоқ.

45-62 жас: Кемпір-сампырға қырындап, жүйкемді жұқартты. Шал болғанда аузын бағып, тынышына отырса қайтеді екен. Балалары мен немерелері мазақтаса да, пысқырмайды. Солардың көзінше мені әжуалап, әр сөзінде қалжыңмен түйремесе отыра алмайды.

63-100 жас: Ауырар-сырқарымыз бар. Шайтан емеспіз, бәріміз де бір күні кетеміз ғой. Мен бірінші кетсем, ол күйсіз, қараусыз қалады-ау... Балаларым өзімдей боп, қайдан бабын тапсын. Екеумізді бірге алса жарар еді...

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Айгерім Қараманова
Қосылған күні: 14 сәуір 2016, 17:52

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.