15 сәуір. Жігіттердің романтикалық іс-әрекеттері

15 сәуір. Жігіттердің романтикалық іс-әрекеттері

Романтик болғыңыз келсе, оның еш қиын еместігін айта кеткіміз келеді. Бар болғаны, өзіңізге деген сенім және қызды таңғалдыру.

Қыздар қауымын бір таңғалдырсаңыз, уыстан шықпайды деу қате, алайда, романтика қарым-қатынастың одан әрі өрбуіне көп септігін тигізері анық. Демек, қыз бен жігіттің сезімі арасында романтиканың алар орны ерекше екенін атап өткен жөн.

Романтиканы қалай жасауға болады? Ол үшін сүйгеніңіздің талғамы маңызды. Оның жанында жүрген болсаңыз, неге қызығушылығы барын білген боларсыз. Міне, сол бөлікте жұмыс істеңіз. 

Қыз баласы нені ұнатады? Қыз баласы, әрине, аялап ұстауды және көңіл қалауын ұнатады. Махаббаттың бастапқы кезеңінде романтик болып тұра алсаңыз, қыздың қалауынан әрдайым шығатын боласыз. 

* * *

Сүйікті адамыңызға 13 роза гүлін сыйға тартыңыз. Он екісі қызыл, біреуі ақ болсын. Гүлдердің қасына мынадай мәтінмен жазба қалдырыңыз: "Әрбір топта дараланатын бір жан болады – бұл сенсің, менің жалғызым". 

Сүйіктіңізге сағат сыйлауды ойға алсаңыз, бір жақ шетіне мынадай жазу қалдырыңыз: "Саған келгенде үнемі уақыт табылады". 

Әртүрлі шарттар бойынша арнайы марапаттау қағазын беріңіз.

Алып қашу. Достарыңызбен қызды алып қашу оқиғасын құрыңыз. Бұл енді шытырман оқиғаға киліккісі келген қыздарға арналған.

Романтикалық бірнеше фильмге билет сатып алыңыз да, күні бойы сүйіктіңіздің қасында жүріңіз.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: faceplane.com

Л. Лига