- Негізгі бет
- Алғашқы көмек
- Ағзаны көктемгі аллергияға...
Ағзаны көктемгі аллергияға дайындау
Көктем мезгілі – өсімдік атаулының тозаңданатын шағы. Бұл уақытта ағзасы аллергиямен күресе алмайтын адамдар түшкіріп, көзі жасаурап, қызарып, терісі қышынып, беймаза күйге түседі. Бұл аралықта не істеу керек, ағзаны қалай дайындаймыз деген сауал қоюшыларға мынадай кеңес береміз.
1. Иммунотерапиядан өту
Бұл – аллергияны алдын алуда оң нәтиже беретін әдіс. Мысалы, сіз қайың ағашы тозаңынан аллергияңыз бар дейік. Ағаш гүлдегенге дейін дәрігер арнайы екпе жасап, аллергеннің мөлшерін азайтады. Ағза да тозаңға мән бермейтін болады, яғни ағаштың тозаңы ағзаңызға раекция тудырмайды. Бұл терапия аллергияны толық жоймайды, минималды мөлшерде аллергиялық реакция болып отырады.
Иммунотерапиядан өту кезінде екі жағдайды есте сақтау қажет. Біріншісі, терапиядан өсімдіктер тозаңданып болғаннан кейін, күз айларында өту керек. Жарты жылдан кейін ағзаңызда аллергияға деген сақтандыру процесі жүреді. Екіншіден, терапиядан жиі өтіп тұрған абзал. 3-4 жылғы ұдайы терапия оң нәтижесін беруі мүмкін.
2. Аллергияға қарсы диета ұстау
Аллергияға қарсы диета – аллерияны тудыратын не қоздыратын азық-түліктен бас тарту. Көк гүлдегенге дейін иммунитетті арттыратын тағамдарды көбірек әрі жиірек жеу керек. Әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидек жеген абзал. Ағаш, гүлдер тозаңдағанға дейін ағзадағы қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті сақтап, зат алмасу жүйесін ретке келтіру керек. Аллергия кезінде белгілі бір тағамдардан адам өзін-өзі тежеу керек. Көктемде құлпынай, таңқурай, күзде қарбыз, қауын, жүзім және баялдыдан тыйылу керек.
3. Дәрумендер ішу
В және С дәрумені аллергиямен күресіп, иммунитетті нығайтуға көмектеседі. Сондықтан дәрумендерді аллергиядан бұрын да, оның кезінде де, одан кейін де қабылдаған дұрыс.
Г. Берік