- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ухань вирусологы Ши...
Ухань вирусологы Ши Чжэнли: "Короновирус зертханадан таралмаған"
Ухань вирусология институтының жетекші ғалымы Ши Чжэнли Ухань институтының зертханасы пандемия туғызған коронавирус инфекциясының көзі болды деген қауесетті жоққа шығарды.
The New York Times-қа берген сұхбатында Чжэнли вирустың институттан таралуына ешқандай дәлел жоқ екенін айтты.
"Ештеңе жоқ болса, оны қалай дәлелдеуге болады?", - деді ғалым сұхбатында.
Ол "әлем жазықсыз ғалымдарға жала жабудың осындай деңгейге қалай жеткенін түсінбейтінін" айтты.
Ши Чжэнли кім?
Ши Чжэнли – жарқанаттарда жиі кездесетін SARS-CoV-2-дегі жұмысы үшін COVID-19 пандемиясы кезінде салыстырмалы түрде халықаралық атаққа ие болған қытайлық вирусолог. Ши – Қытай ғылым академиясының Ухань вирусология институтының ғылыми қызметкері.
Ши Чжэнли институттың үш қызметкері кенеттен COVID-19 симптомдары білініп, медициналық көмекке жүгінген деген ақпаратты да жоққа шығарды.
"Ухань вирусология институтында мұндай оқиға болған жоқ. Мүмкіндік болса, сол 3 қызметкердің атын атай аласыздар ма, біз тексерейік?", - деп сұрады Ши Чжэнли.
Бұған дейін The New York Times АҚШ әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғаларына сілтеме жасап, АҚШ барлау қызметі коронавирустың көзі туралы зерттелмеген ақпарат бар деп мәлімдеді. Олар интеллектуалды суперкомпьютерді қолданып, вирустың Уханьдағы зертханадан шыққанын немесе жануарлардан адамға таралғанын тексерген.
Мұндай ақпараттан кейін АҚШ президенті Джо Байден барлау органдарына Қытайға баса назар аудара отырып, вирустың көзін табу үшін тез жұмыс істеп және 90 күн ішінде нәтиже туралы есеп беруді бұйырды.
Сонымен қатар Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянға АҚШ тарапы коронавирустың шығу тегін анықтау аясында ДДСҰ сарапшыларына Уханьда тексеру жұмыстары үшін рұқсат беру керек деп мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшелері Ухань институтына ақпан айында келді
ДДСҰ сарапшылары Ухань вирусология институтына барғаннан кейін институттың зертханасынан вирустардың шығу мүмкіндігі "өте төмен" деген қорытындыға келді. Бірақ Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттары күмәнмен пікір білдіріп, Қытай мамандарға вирус туралы және оның үлгілері туралы әдейі ақпарат бермеген деп мәлімдеді.
ДДСҰ президенті Тедрос Адханом Гебрейесус G7 саммитінде
ДДСҰ президенті Тедрос Адханом Гебрейесус 11-14 маусымда Ұлыбританияда өткен G7 саммитінде коронавирустың зертханада жасалуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Ол сонымен қатар Қытайды коронавирустың шығу тегін анықтау үшін жүргізіліп жатқан тергеудің бастапқы кезеңінде жеткілікті айқын дәрежеде тексеру жұмыстарына рұқсат бермей отыр деп айыптады.
Ши Чжэнли – коронавирустың жаңа штамдары 2020 жылдың желтоқсан айының басында таралуы мүмкін екенін ескерткен алғашқы қытайлық ғалымдардың бірі. Ол Қытайдың оңтүстігінде тұратын жарғанаттар коронавирустың адамға жұғуы мүмкін жаңа штаммдарының тасымалдаушысы екенін айтқан.
Коронавирус: жарқанаттар не себепті қауіпті вирустар тасиды?
Ангус Далглейш – Лондондағы Сент-Джордж ауруханасының медициналық мектебінің онкология профессоры
Осыған дейін америкалық ғалымдар Стивен Куея мен Ричард Мюллер және британиялық ғалым Angus Dalgleish SARS-CoV-2 қолдан жасалғанына дәлелдер келтірді.
Стивен Куея мен Ричард Мюллер The Wall Street Journal-да жарияланды. Ал британдық ғалымның мәлімдемесін dailymail жариялады.
Стивен Куея мен Ричард Мюллер коронавирустың CGG-CGG тіркесімінде геномдардың реттілігін анықтау вирустың зертханада жасалғаны туралы белгі дейді. Ғалымдар вирустың сезімталдығын немесе өлім-жітімін жоғарылату үшін осындай жүйе қолданады дейді. Табиғатта мұндай геномдардың реттілігі өте сирек кездеседі.
“Табиғи түрде кездесетін CGG-CGG тіркесімі коронавирустың барлық класында анықталмаған. Бұл дегеніміз, вирустардың жаңа қасиеттерге ие болуының әдеттегі тәсілі бұл жағдайда жұмыс істемейді”, – дейді ғалымдар.
АҚШ ғалымдары оның генетикалық әртүрлілігіндегі күрт айырмашылықты коронавирустың жасанды түрде пайда болғандығының тағы бір дәлелі ретінде келтірді. Вирус адамға жұғып, өте агрессивті күйде шабуылдауға бейімделген. Бірнеше ай ішінде ешқандай мутациялар болмаған. Ғалымдардың айтуынша, бұл вирустың адамдарда ұзақ уақыт бейімделуден өтіп, содан кейін ғана халық арасында таралғандығын көрсетеді.
Ал, британиялық ғалым Angus Dalgleish өзінің зерттеуінде COVID-19-дың табиғи атасы жоқ екенін және оны қытай ғалымдары қолдан жасағанын, кейінірек іздерді жою үшін "ретроинженерлікті" қолданғанын, ол оны жарғанаттан адамға өтті деп сылтау айтқанына қатысты дәлелдер келтірген.
Мақалада қытайлық ғалымдар үңгірлерден табылған табиғи вирустың “негізін” алып, ішіне жаңа “тікенек” қойып, оны COVID-19 вирусына айналдырғаны айтылған.
Т. Раушанұлы