Панда неге адамды құшақтағанды жақсы көреді? (видео)

Панда неге адамды құшақтағанды жақсы көреді? (видео)
Фото: Pikabu.net

Панданың сүйкімділігіне ешкім шүбә келтірмейді. Тіпті ол жыртқыш жануар тұқымдасы болса да, одан сескеніп, үрейленіп жататындар шамалы. Керісінше, құшақтап, қолындағы тәттіні ұсынып, онымен серуендеуге әркім құмартып тұрады. Бүгінде әлем бойынша бұл аюлардың саны сиреп кеткені жасырын емес. Алайда, арнайы пандалар үшін Қытайда жасалған саябақ сүйкімді аюлардың едәуір көбеюіне мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта үлкен пандалар бағына айналған мекеннен түрлі қызықтарды да кездестіруге болады. Соның бірі біздің төмендегі видео ролигімізде көрініс тапқан. Адамдарды құшақтағанды жақсы көретін панданың баласы бақтағы қызметкердің аяғына жармасып, ісіне кедергі келтіреді. Оны қанша итеріп, алыстатса да қонжықтың құмары басылмады.

B. ZHAQSYMBET