- Негізгі бет
- Әлемтану
- Онлайн-олжа: соңғы 40...
Онлайн-олжа: соңғы 40 жылда қала халқы қалай өзгерді?
Визуализация маманы Мэтт Дэниелс соңғы 30 жылда қалалардың халық саны қаншалықты өскенін зерттеп, интерактив карта ұсынды. Оның pudding.cool жобасы 2015 жылы жасалған, десе де 1975 жылдан бері урбандалу процесі мен демографиялық тенденцияның қалай жүргенін байқауға болады, яғни карта 1975-2015 жылдар аралығындағы мәліметтерді қамтиды.
Карта авторына идеяны, жоба құрылымын Алесдер Рей көрсеткен. Кейін Мэтт Дэниелс GHSL–Әлемдік елді мекендер тобының мәліметтерін алып, визуализациялаған.
Адам тұратын аймақтар жасыл блоктармен көрсетілген, олар қанша биік болса, халық саны сонша көп. Қою жасыл блоктарда халық тығыз орналасқан, ал қызғылт блок орналасқан аймақта халық саны кеміген.
Картаның бірнеше режимі бар: 1975 жыл мен 2015 жылды, 1990 жыл мен 2015 жылды салыстырып, өсу-кему көрсеткішін көруге болады. Мысалы Еуропа, Амерка, Аустралия құрлығында популяция бірқалыпты, ал Азия мен Африкада халық саны едәуір өскен.
Алматы 1990–Алматы 2015
Алматы 1975–Алматы 2015
Ақмола 1990–Астана 2015
Шымкент 1990–Шымкент 2015
Ақтөбе 1990–Ақтөбе 2015
Massaget.kz