Онлайн-олжа: әлемдік миграция картасы

Онлайн-олжа: әлемдік миграция картасы
Фото: iom.int

Әлемде өршіп бара жатқан көші-қондық үдерістер әсерінен Дүниежүзілік миграция қауымдастығы интерактивті карта жасап шықты. Картада әлемдегі барлық мемлекеттің иммиграциясы мен эмиграциясы 2015 жылғы статистикамен жасалған. 

Дүниежүзілік миграция қауымдастығы тапсырысын үлкен қорды визуализациялаумен айналысатын Locus Insight агенттігі жасаған. Картаға Біріккен Ұлттар ұйымының экономика және қоғамдық мәселелер департаментінің деректері негіз болған. 

Картадағы деректерге сүйенсек, миграция үшін ең қолайлы аймақтар Батыс Еуропа, Солтүстік Америка, Парсы шығанағы елдері, Аустралия, ОАР, Израиль екен.

Қазақстанға сырттан келген иммигранттардың көп бөлігін этникалық орыстар құрайды. Олардың үлесі – 2 352 589. Ал немістер – 218 348, өзбектер – 281 713, украиндер – 338 022, қытайлар – 2162.

Қазақстаннан көшіп кеткен эмигранттардың көбі қазір Ресейде (2 560 269), Германия (1 016 844) және Украинада (222 245) екен.

Massaget.kz