- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қытай ғарыш зонды...
Қытай ғарыш зонды Марстың жаңа суреттерін жіберді
Қытайдың зонды Марс айналасындағы орбитадан түсірілген фотосуреттерді жіберді. Бұл туралы Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады.
Ақ-қара фотосурет Марс бетінен 330-350 км биіктікте түсірілген. Онда кратерлер, тау жоталары және құмды төбелер бар
Түрлі түсті фотосурет Марстың солтүстік полюсін бейнелейтін басқа камерада түсірілген
Tianwen-1 зонды
Бұған дейін NASA Марсқа түсірілген Perseverance роверінің түрлі-түсті фотосуреттерін көрсеткен еді.
Айта кетейік, жеті айлық ұшудан кейін Қытайдың Tianwen-1 зонды Марс айналасындағы орбитаға шыққан болатын.
Қытай зондының мақсаты – Марстағы өмірдің іздерін табу және оны адамдар бойына сіңіру мүмкіндіктерін зерттеу. Зонд үш ай бойы планетаны зерттеп, суретке түсіріп, Марс картасын жасауға көмектеседі.
Қытай бұған дейін Марсты бағындыруға тырысқан. 2011 жылы Ресеймен бірлескен жоба сәтсіз аяқталған.
Т. Раушанұлы