NASA Марстың түрлі түсті фотосуретін жариялады

NASA Марстың түрлі түсті фотосуретін жариялады
Фото: NASA

NASA Perseverance ровері арқылы түсірген Марстың түрлі түсті фотосуреттерін жариялады.

19 ақпан күні Америкалық Perseverance зерттеу құрылғысы Марстағы Езоро кратеріне қонды. Оны Америка Құрама Штаттарының аэронавтика және ғарыш ұлттық басқармасы (NASA) тікелей эфирде көрсетті.

Ғалымдардың пайымдауынша, тіршілік іздері кратерде сақталып қалуы мүмкін. Perseverance оны іздейді. Құрылғы 23 камерамен жабдықталған, кейбіреулері қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Ғарыш агенттігі алғашқы түрлі түсті суретті алды.

Қондыру құрылғысының Perseverance роверін Қызыл планетаға түсіріп жатқан сәті

NASA зондының міндеттер тізіміне Марстан топырақ сынамаларын жинау, планетаның өміршеңдігін және оның өткен климатын зерттеу, биожиындар мен ежелгі микробтық өмірді іздеу кіреді. Әзірге миссия екі жылға есептелген, бірақ алдағы уақытта ұзартылуы мүмкін. Барлық алынған сынамаларды ровер арнайы контейнерлерде сақтап, оны 2021 жылдың соңында NASA мен Еуропалық ғарыш агенттігіне жолдайды.

Айта кетейік, Atlas V зымыран тасығышы Perseverance зонды мен Ingenuity тікұшағын 2020 жыл 30 шілдеде алып ұшқан. Зымыран Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан АҚШ шығыс жағалауы уақытымен сағат 07:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 11:50) ұшырылды.

Т. Раушанұлы