Канар аралдарынан фашистік Германияның жетекшісі Адольф Гитлер жасырынған баспана табылды.
Вилла құпия клиника ретінде қызмет еткен. Онда фюрер Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілгеннен кейін жүзіне пластикалық ота жасатып, Оңтүстік Америкаға қашып кеткен болуы мүмкін. Бұл туралы The Sun Secret нацистік құпия базалар бағдарламасына негіздеп хабарлады.
Гитлердің қашан қайтыс болғаны анықталды
Басылым авторлары Фуэртевентура аралының оңтүстігінде орналасқан "Casa Winter" вилласында барған. Мұнара ғимаратының ішінде олар крематорий мен ота бөлмесін еске салатын кафельді бөлме мен туннель тапқан. Зерттеушілер Гитлерді өзін-өзі өлтіруді "сахналағаннан" кейін 1945 жылы сәуір айының соңында Канар аралдарына кеткен деп санайды. Ол виллаға жеке хатшысы Мартин Борманмен және дәрігер Джозеф Менгелемен бірге келген.
Сарапшылар вилланы тексергеннен кейін Гитлер сыртқы келбетін өзгертіп, жазадан құтылу үшін Бразилия немесе Аргентинаға кетті деген қорытындыға келген.
Вилланы неміс инженері Густав Винтер салған. Жобаны фашистер қаржыландырған. Алайда Винтер мұндай болжамдарды жоққа шығарып, ғимарат құрылысы соғыстан кейін аяқталғанын айтты. Нысан туралы архивтік материалдарды аустрия-герман публицисті Алекс Пьер де зерттеген. Басылымға берген сұхбатында Винтер өзінің нацистермен байланыста болғанын, бірақ үйді отбасыларына салғанын, ал кафельді бөлме ас үй екенін айтты. Алайда, инженердің әйелі оқшауланған өмір салтын ұстанып, виллаға көшуден бас тартқан.
Шамбала құпиясы: Гитлер жіберген экспедиция жер кіндігін тапты ма?
Қазіргі уақытта виллада Педро Фумеро тұрады. Вилланың қазіргі иесінің айтуынша, оның құрылысына туыстары да қатысқан. Фумеро сол кездегі туыстары айтқан әңгімелерге сүйене отырып, ғимараттың әскери операцияларға байланысты екенін растады. Меншік иесі үйде көптеген құпия бар екенін және бұл нақты ойын-сауық шараларына арналмағанына сенімді екенін айтты.
Айта кетейік, осыған дейін француз ғалымдары 1946 жылдан бері алғаш рет Адольф Гитлердің тісіне сараптамалық зерттеу жүргізіп, оның қашан және неден қайтыс болғанын анықтаған болатын.
Зерттеушілер 2017 жылы Ресей берген Гитлер мүрдесі шынында да Адольфке тиісті екендігін сараптама жұмысынан соң көз жеткізген.
Сараптама Гитлердің 1945 жылдың 30 сәуір күні қайтыс болғанын растаған.
"Біз Гитлер жайлы барлық аңызға нүкте қойғымыз келеді. Ол су асты кемесімен Аргентинаға бармаған. Антарктидадағы құпия базасында немесе айдың көрінбейтін қараңғы бетінде де болмаған", – деген еді зерттеу тобының жетекшісі Филипп Шарлье.