Жапон халқының даналық сөздері

Жапон халқының даналық сөздері
Фото: Wallpapers Craft

Күншығыс елі озық үлгідегі техника жасаудан бөлек мәдениетімен, дана сөздерімен де әлемді ауызына қаратып жүр. Жапонияға барған туристер керемет әсерімен бөлісіп, ондағы жағдайдың тым ерекше екенін тілге тиек етеді. Осындай ғажайыптарымен көпшіліктің көзайымына айналған елдің нақыл сөздеріне де кезек берейік. Өйткені мағыналы сөздер мардымды жұмыс істеуге септігін тигізеді. 

Егер басыңыздағы қиындықтарды шешуге мүмкіндік бар болса, онда көп уайымдаудың қажеті жоқ, ал шешілмесе, уайымдаудың өзі артық.

Ойланып барып шешім қабылда, шештің бе – ойланба. 

Жолға шыққанды ұстама, келген жанды кет деп қыстама.  

Жаман жолдас болғанша, жақсы адамның қасы болған артық. 

Кім биікке көтерілгісі келсе, сол саты ойлап табады. 

Ер мен әйел көз бен қолдай болуы керек. Қол ауырса көз жылайды, көз жыласа, қол жасты сүртеді. 

Алыс жолдың өзі жақыннан басталады. 

Кім шарап ішсе, оның зиянын білмейді, кім шарап ішпесе, оның пайдасын білмейді.  

Қылыш өміріңізде бір-ақ рет керек болса да, өмір бақи асынып жүрген абзал. 

Әдемі гүлдер жақсы тұқым бермейді. 

Қайғы жыртылған киім секілді. Оны үйге тастаған жөн. 

Жанға жылу сыйлайтын бір сөз үш ай қыстан тоңбай өтуге көмектеседі.  

B. ZHAQSYMBET