Тынық мұхитындағы Маршалл аралдары теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты су астында қалуы мүмкін. Бұл елдің 60 мың халқы бар, олар ұлт ретінде жойылып кету алдында тұр.
Жақында кей елдер Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін
Жаһандық жылыну салдарынан әлем зардап шегіп жатыр. Су тасқыны, ерекше өсімдіктер шоғырланған орман өрттері, дауылдар адамзатқа қауіп төндіруде. Бірақ ең үлкен қауіп – аралда орналасқан мемлекеттердің жойылып кетуі. Солардың бірі – Маршалл аралдары.
Мұздықтар тез еріп жатыр: әлемді қандай апаттар күтіп тұр
Мұхит ортасындағы мемлекет
Маршалл аралдары — Тынық мұхитының солтүстігінде, Аустралия мен Гавай аралдарының арасында орналасқан мемлекет. Ол небәрі 182 шаршы шақырым жерді алып жатқан 1156 шағын аралдардан тұрады. Оның 60 мыңға жуық халқы бар.
Маршалл аралдарының Конституциясы азаматтарға жер иелену құқығын береді. Бірақ бұл заң болашақта керек болмайын деп тұр.
Әлемнің ең тар елінде адамдар қалай өмір сүреді?
Тынық мұхитындағы Тувалу және Кирибати және Үнді мұхитындағы Мальдив аралдарымен қатар Маршалл архипелагтағы төрт мемлекеттің бірі. Бұл аралда орналасқан мемлекеттердің әрқайсысының өз мәдениеті, өмір сүру ждәстүрі бар, олар суға бейімделген.
Маршал аралдарының астанасы – Маджуро
Жойылу қаупі
Дүниежүзілік банктің зерттеуіне сәйкес, Маршалл астанасы Маджуродағы қолданыстағы ғимараттардың 40 пайызы біржола су астында қалуы мүмкін. Қаланың 96%-ы климаттың өзгеруіне байланысты жиі су тасқынына тап болады.
Зерттеу теңіз деңгейінің 0,5, 1 немесе 2 метрге көтерілуі Маршаллға қалай әсер ететінін қарастырады. Бейімдеу бағдарламалары орындалмаса, теңіз деңгейі 1 метрге дейін көтерілуі мүмкін және Маджуро ғимараттарының 37 пайызы су астында қалады. Ал, Эбай қаласының жартысын су жұтады.
Шарасыз қалған маршаллдықтар
Су деңгейінің көтерілуі мен су тасқыны балықшылар мен ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарға зиянын тигізуде. Олар Маршалл аралдарының қалалық аудандарына көшуге немесе туған жерін мүлдем тастап кетуге мәжбүр. Маршаллдықтар көбіне АҚШ-қа қоныс аударады. Қазірдің өзінде 27 мыңға жуық адам Америка еліне көшіп кеткен.
Егер қазір дүние жүзінде білім, денсаулық және экономикалық мүмкіндіктер көші-қонның негізгі себептері болса, болашақта климаттық дағдарыс шетелге көшудің алғашқы себептерінің бірі болуы мүмкін. Маршалл аралдары мұны анық көрсетеді.
Бұл болжамдар 2050 жылға қарай арал халқының тұрақты көші-қон нәтижесінде азаятынын білдіреді.
Маршалл аралдарында халық қайта қоныстанатын биік нүктелер мен төбелер де бар (соның бірі Бикини аралы). Дегенмен, бұл аймақ 1979 жылға дейін АҚШ-тың бақылауында болды және Бикини аралында ядролық қару сынақтары жүргізілгендіктен, бұл жерлер өмір сүруге жарамсыз деп саналады.
Маршалл аралдары тұрғындарының мәдениеті мен этникалық ерекшеліктері тұрғылықты жерімен тығыз байланысты, сондықтан тұрғындар аймақтан бөлек тұру өзін-өзі жоюға әкеледі деп санайды.
Одан құтылу мүмкін бе?
Дүниежүзілік банктің зерттеуінше, алдағы 100 жылда теңіз деңгейі жарты метрге көтерілсе, аралдағы өмірді сақтап қалу үшін әртүрлі бейімделу бағдарламаларын іске қосуға болады. Алайда, егер су 1 метрге көтерілсе, мұндай шаралар көп күш жұмсауды талап етеді және нәтиже жақсы болмауы мүмкін. Егер теңіз деңгейі 2 метр көтерілсе, онда арал тұрғындарының басқа мемлекеттерге көшуден өзге амалы қалмайды.
Маршалл аралының бұрынғы мемлекеттік хатшысы Тони Де Брум: "Егер біз өз елімізді апаттан құтқарсақ, әлемді құтқарамыз" дейді.
Бұдан Маршалл аралдарын шарпыған климаттық қатер тек осы аралға ғана емес, бүкіл әлемге тиесілі екені анық, тек Маршалл көштің басында тұр.
Неліктен теңіз деңгейі көтеріледі?
Теңіз деңгейі 1900 жылдан бері 17-18 сантиметрге көтерілді және әлі де көтеріліп келеді. Бұл жағалаудағы елдер мен шағын арал мемлекеттеріндегі су тасқыны, дауыл сияқты төтенше табиғи құбылыстарды күшейтеді. Егер мұздың еруі бәсеңдетпесе, 2100 жылға қарай теңіз деңгейі 71 сантиметрге дейін көтерілуі мүмкін.
Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет
Дүние жүзінде халықтың белгілі бір бөлігі жағалаудағы аумақта тұрады. Деректерге сүйенсек, 10 ірі қаланың 8-і мұхит жағасында орналасқан.
Теңіз деңгейінің көтерілуінің негізгі себебі жаһандық жылыну әсерінен мұздықтардың еруімен байланысты. Дүние жүзінде температура көтерілген сайын, теңіз деңгейі көтеріле береді.