Ғалымдар мұздықтардың еруі "климаттық домино эффектіне" әкелуі мүмкін деп ескертті. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет
Домино эффектісі – бұл бір өзгеріс әсерінен домино қатарының құлау тәсілі секілді басқа нәрселер түгел өзгеруін сипаттайтын саяси теория.
Сарапшылар ғаламдық жылыну мұхитты қыздыруды жалғастырып жатқанын, бұл планетаның мұз қабаттарының тұрақсыздығына әкелетінін ескертті. 3 миллионнан астам компьютерлік климаттық модельдерді зерттеген ғалымдар мұздықтардың еруі "қорқынышты климаттық домино эффектіне" әкеледі деген қорытындыға келді.
Жаһандық жылынудан ағаштар емес, киттер құтқарады
Нәтижесінде Батыс Антарктиданың, Гренландияның, жылы Атлантика Гольфстримі мен Амазонка тропикалық ормандарының мұз қабаттарын жабатын 3 миллионнан астам компьютерлік модельдеудің үштен біріне жуығы бұл аймақтарда тіпті ғаламның орташа температурасы 1,5 градусқа жоғарыласа да домино эффекті болатынын анықтады.
"Температура 1° C пен 3° C аралығында едәуір көтеріледі. Егер парниктік газ шығарылуын тоқатпасақ осы ғасыр аяғында барлық мұз еріп кетеді. Оның салдары өте ауыр апаттарға әкеліп соғады", - деді Джонатан Донгес.
Жаһандық жылынуға қатысты биылғы жылдың басты жаңалықтары
Маман адамзат климаттың өзгеруіне қарсы күресті күшейтуді бастамаса, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Мумбай сияқты жағалаудағы қалалар су астында қалатынын баса айтты. Алайда ғалымдар домино процесінің өзі қанша уақыт алатынын айта алмайды.
Айта кетейік, Жер бетіндегі температура ақырындап көтерілі, соның салдарынан мәңгілік мұздар жыл сайын еріп жатыр. Жаһандық жылыну кесірінен жер бетіндегі теңіз деңгейінен төмен мекендер жоқ болып кетеді деп ғалымдардың дабыл қаққанына көп болған жоқ. Соның дәлелі ретінде Гавай архипелагына кіретін "Валака" аралы жер бетінен жоқ болып, су астына кетті.
Ал биыл Жер бетіндегі ыстық рекордтық дәрежеге жетеді деген болжам бар. Ғалымдар мұздың еруі жылдан жылға жылдамдап бара жатқанын айтып та дабыл қағып жатыр. БҰҰ-ның мұздардың еруі бойынша жасаған есебіне сәйкес, 2005 жылдан бері теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді. Климат бойынша БҰҰ сарапшылар тобы егер көмірқышқыл газы осы деңгейде (CO2) шығарылатын болса, мұздың еруі 2100 жылға қарай төрт есе артатынын ескертті.