Лондондық "Хитроу" әуежайы енді Еуропадағы ең танымал әуежай емес, - деп хабарлайды Times.
Әуежайда ұзақ уақыт қалып қойған адамдар
Газеттің хабарлауынша, Еуропа ең көп жұмыс істейтін әуежайлар рейтингінде "Хитроу" бірінші орыннан оныншы орынға бір-ақ сырғыды.
Осы жылдың тамызында Үлыбритания әуежайында 19,5 мың рейс орындалды, ал жолаушылар тасымалы 2,2 миллионға жетті. Бұл өткен көктемнен бергі ең жоғары көрсеткіш. Алайда, осы көрсеткіштің өзі 2019 жылдың тамыз айындағы деңгейдің 29% ғана.
Белгілі болғандай, рейтингте бірінші орынды 33 мың рейске қызмет көрсеткен Амстердамның "Шипхолы" иеленді. Сонымен қатар Анталия, Афина, Барселона, Мадрид, Майорка, Ыстамбұл мен Франкфурт, Париждің "Ройси-Шарль де Голлі" алғашқы ондыққа кірді.
Еуропадағы көптеген әуежайлар "Хитроуға" қарағанда, бұрынғы қалыпқа келе бастады. Ал Лондон әуежайының бұрынғы қалыпқа баяу оралуының себептерінің бірі – Ұлыбританияға басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда шетелден кірудің қатаң ережелері. Әуе айлағы әкімшілігі үкіметті коронавирустың кейбір шектеулерін алып тастау арқылы оларды жеңілдетуге шақырады. Оның ішінде елге кіргеннен кейін екі рет қымбат COVID-19 ПТР талдауын алу талап етіледі, бұл тіпті толық егілген саяхатшыларға да қатысты.
Британиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, министрлер кабинеті вирустың жаңа штамдарының таралу деңгейіне сәйкес бірқатар жеңілдіктер енгізуді және шет мемлекеттерді үш санатқа бөлуді жеңілдетуді жоспарлап отыр.
Ел үкіметінің басшысы Борис Джонсон сейсенбіде жаңа ережелерді жариялауы мүмкін.