- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғалым алдағы уақыттағы...
Ғалым алдағы уақыттағы жаһандық апат қаупін ескертті
Алдағы 30 жылда ғаламшардағы орташа температура бір жарым градустан жоғары көтерілсе, адамзат апатты табиғи өзгерістерге тап болады, деп мәлімдеді ресейлік климатолог, Вернадский атындағы Қазан федералды университетінің агротехнологиялық академиясының доценті Владимир Рябов. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Ғалымдар: жаһандық жылынудың алдын алу үшін жасанды қыс қажет
Осыған ұқсас ескерту климат бойынша Париж келісімінде де қамтылған. Ғалымның айтуынша, табиғи апаттардың, атап айтқанда, дауыл мен нөсердің жиілігінің артуы тек бастамасы болмақ.
Жаһандық жылыну тек адам әрекетінен ғана емес, оның басты себебі – табиғи процестер. Ал, адамдар кейбір өзгерістерді жылдамдатуы немесе баяулатуы мүмкін.
Ол кейінгі 40 жылда планетаның жылдам жылып бара жатқанынынң себебі, орташа температура екі градусқа көтерілгенін айтты.
"Ал климаттың жылдам өзгеруінің салдары табиғи апаттарға алып келеді. Неғұрлым жаһандық өзгерістер болса, соғұрлым қауіпті апаттар болады. Орасан зор апаттардың басы мұхиттардағы мұздың еруі болмақ, ал кейінірек тау шыңдарындағы мұз да ериді. Бұл жағдайда Жердің 30 пайызы су астында қалады", - деді ғалым.
Климатолог халық тығыз орналасқан аймақтар су астында қалатынын баса айтты.
Айта кетейік, ғалымдар жаһандық жылыну қаупі туралы үнемі дабыл қағып келеді. Процесті тежеу үшін 2015 жылы 190-нан астам ел қоқысты азайтуға, болып жатқан өзгерістерге бейімделуге бағытталған Париж климаттық келісіміне қол қойды.
Жер бетіндегі температура ақырындап көтеріліп, соның салдарынан мәңгілік мұздар жыл сайын еріп жатыр. Жаһандық жылыну кесірінен Жер бетіндегі теңіз деңгейінен төмен мекендер жоқ болып кетеді деп ғалымдардың айтқанына көп болған жоқ. Соның дәлелі ретінде Гавай архипелагына кіретін "Валака" аралы су астына кетті.
Жаһандық жылыну қауіпті вирустар туғыза ма?
Ғалымдар мұздың еруі жылдан жылға жылдамдап бара жатқандығын ескертіп жатыр. БҰҰ-ның мұздардың еруі бойынша жасаған есебіне сәйкес, 2005 жылдан бері теңіз деңгейі XX ғасырға қарағанда 2,5 есе тез көтеріліп келеді. Климат бойынша БҰҰ сарапшылар тобы егер көмірқышқыл газы осы деңгейде (CO2) шығарылатын болса, мұздың еруі 2100 жылға қарай төрт есе артатынын мәлімдеді.
Т. Раушанұлы