2021 жылғы бейбітшілік саласы бойынша "Нобель" сыйлығының иегері, "Новая газетаның" бас редакторы Дмитрий Муратовтың медалі аукционда 103,5 миллион долларға (98,4 миллион еуро) сатылды. Бұл туралы дүйсенбі, 20 маусымда сауда-саттық өткізген америкалық Heritage Auctions сауда үйінің сайтында хабарланды.
Бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды
Сатып алушының аты-жөні белгісіз.
Сауда үйінің хабарлауынша, сыйлықты сатудан түскен барлық қаражат украиналық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмектесу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберіледі. Аукцион Нью-Йоркте өтті және 20 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік босқындар күніне арналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл сыйлық тарихындағы Нобель медалінің ең қымбат сатылымы болған.
Әлемде 36,5 миллион босқын бала бар – ЮНИСЕФ
Дмитрий Муратов Нобель сыйлығын алған алғашқы ресейлік азамат. Ол филиппиндік журналист Мария Рессамен бірге "демократия мен тұрақты бейбітшіліктің алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін" осы марапатқа ие болған. Нобель комитетінің мәлімдемесінде Муратовтың "Новая газетаның" қызметкерлеріне бірнеше рет қоқан-лоққы жасап, бірнеше журналистің өлтірілуіне қарамастан, оның тәуелсіз саясатынан бас тартпағаны айтылған.
Дмитрий Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін наурыз айында медалін сатуға ниетті екенін айтқан болатын. Көп ұзамай "Новая газета" Украинадағы соғыс аяқталғанша жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Басылым шешімін Роскомнадзордан екінші рет ескерту алғанымен, сондықтан "газет жұмысын жалғастыра алмайтынымен" түсіндірді.