Миннеаполистің бұрынғы полиция қызметкері Дерек Шовин афроамерикалық Джордж Флойдты тұтқындау кезінде тізесімен тұншықтырып өлтіргені үшін 22,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Расизм: АҚШ-та нәсілдік кемсіту қалай пайда болды?
Жұма күні сот отырысында Флойд отбасының төрт мүшесі, оның 7 жасар қызы да сөз сөйледі. Прокурорлар 45 жастағы Шовинге екінші дәрежелі кісі өлтіргені үшін 30 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Джордж Флойдтың отбасы 27 миллион доллар өтемақы алады
Сотта сөйлеген сөзінде шешесі әрдайым ұлын қолдайтынын және оны кінәлі деп санамайтынын айтты. Дерек Шовиннің өзі болса Флойдтың туыстарына көңіл айтты, бірақ кешірім сұраған жоқ.
Бұл қылмыстық іс бойынша Дерек Шовиннен басқа тағы үш полиция қызметкері тергеуде. Олар соты 2022 жылдың наурызында өтуі мүмкін.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 25 мамырында Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында 46 жастағы Джордж Флойд полиция тұтқындау кезінде жасалған зорлық-зомбылық салдарынан қайтыс болды.
Полиция офицері Дерек Шовин Флойдты тізесімен 8 минут бойы тұншықтырып тұрған. Салдарынан ол есінен танып, ауруханада қайтыс болды.
Флойдтың өлімінен кейін бүкіл елде Black Lives Matter деген ұранымен нәсілшілдік пен полицияның қатыгездігіне наразылық басталды.
"Мен демала алмай жатырмын" ұраны қалай пайда болды?
Наразылық тәртіпсіздікке және полициямен қақтығысқа айналды. Мұндай демонстрациялар кейінірек басқа елдерде де байқалды.