Джордж Флойдтың отбасы 27 миллион доллар өтемақы алады

Джордж Флойдтың отбасы 27 миллион доллар өтемақы алады
Фото: filmdaily

Миннеаполисте қайтыс болған афроамерикалық Флойдтың отбасына өтемақы төлеу туралы шешім қабылданды. Флойд отбасының адвокаты оны АҚШ тарихындағы ең қымбат келісім деп атады.

Расизм: АҚШ-та нәсілдік кемсіту қалай пайда болды?

Миннеаполис қалалық үкіметі полиция қызметкері буындырып өлтірген Джордж Флойдтың отбасына 27 миллион доллар өтемақы төлеуге келіскен. Қалалық кеңес бұл шешімді бірауыздан мақұлдады.

Оны Флойд отбасы мүшелері сотқа жүгінгенге дейін төлейді.

"Бұл тарихи келісім. АҚШ тарихындағы зорлықпен кісі өлтіру туралы азаматтық іс бойынша сотқа дейінгі ең ірі келісім. Джордж Флойдтың өмірі маңызды, сондықтан қара нәсілділердің де өмірі маңызды", - деді марқұм әулетінің адвокаты Саид Бен Крамп.

46 жастағы афроамерикалық Джордж Флойд 25 мамырда Миннеаполистегі полиция қызметкерлері қолынан қаза болды. Тұтқындаған кезде ол полицияға клаустрофобиямен (жабық кеңістіктен қорқу) ауыратынын ескерткен. Өзін өлтірмеуін өтініп және Дерек Шовин тізесімен мойнынан басқанда бірнеше рет дем ала алмай жатқанын айтқан.

"Мен демала алмай жатырмын" ұраны қалай пайда болды?

Сот-медициналық сараптама Джордж Флойдтың өлімін қасақана кісі өлтіру деп атады.

Флойдтың өлімі оқиға куәгерлерінің видеосы арқылы бітпес дау тудырды. Шовинге кісі өлтіру бойынша екінші деңгейлі айып тағылды, ал қалған үш полицей қызхметкеріне өлтіруге көмектесті деп айыпталды. АҚШ заңына сәйкес, екінші дәрежелі кісі өлтіру қасақана, бірақ абайсызда, физикалық зиян келтіру мақсатында жасалады. Барлық айыпталушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады деп отыр. Дерек Шовинге қатысты сот ісі 8 наурызда басталды.

Миннесотадағы ең ірі қаладағы қайғылы оқиғадан кейін бүкіл елде  Black Lives Matter деген ұранымен нәсілшілдік пен полицияның қатыгездігіне наразылық басталды. Наразылық тәртіпсіздікке және полициямен қақтығысқа айналды. Мұндай демонстрациялар кейінірек басқа елдерде де байқалды.

Т. Раушанұлы